• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жарты жыл ішінде Қазақстанның кедеңдік органдары 400-ден астам қылмыстық іс қозғады

Жарты жыл ішінде Қазақстанның кедеңдік органдары 400-ден астам қылмыстық іс қозғады

23 Шілде, 2014 16:27
2014 жылдың бірінші жарты жылдығында Қазақстан Республикасының кедеңдік органдары 451 қылмыстық және 4751 әкімшілік іс қозғады. Бұл туралы бүгін ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетіндегі брифингте ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетінің Контрабандамен күрес басқармасы бастығының орынбасары Ерден Жұма мәлімдеді.

«2014 жылдың бірінші жарты жылдығында Қазақстан Республикасының кедеңдік органдары 451 қылмыстық және 4751 әкімшілік іс қозғады. 47 кг есірткі заттары заңсыз айналымнан шығарылды. Соның ішінде 40 кг героин, 4 кг гашиш және 1 кг кокаин бар», - деді Е.Жұма.

Сонымен қатар, Кедендік бақылау комитеті төрағасының айтуынша, тәркіленген тауарлар құны шамамен 400 млн теңгені құрады.

«397 млн теңгенің тауары тәркіленді. Келтірілген 3 млрд 665 млн теңгенің зардабы қайтарылды», - дейді ол.

Оның айтуынша, жыл басынан бері өткізілген жедел жұмыстар нәтижесінде контрабандалық тауар тасымалының бірқатар деректері анықталды. Соның ішінде мұнай өнімдері, есірткі заттары мен халықтық тұтыну тауарларын заңсыз тасымалдау деректері бар.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар