- Басты
- Жаңалықтар
- 5 ай ішінде Астана халқының саны 17,5 мыңға артты
5 ай ішінде Астана халқының саны 17,5 мыңға артты
5 ай ішінде Астана халқының саны 17560 артты. Халықтың табиғи өсімі - 8128 адамды, көші-қон ағыны 9432 құрады, деп Астана қаласының Статистика департаменті хабарлады.
«2014 жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткішпен салыстырғанда Астана қаласының саны 17560 адамға артты», - делінген хабарламада.
2014 жылдың басымен салыстырғанда, Астана қаласындағы халықтың жалпы саны 17560 адамға, оның ішінде «Алматы» ауданы бойынша – 7023 адамға, «Есіл» ауданы бойынша – 4747 адамға, «Сарыарқа» ауданы бойынша – 5790 адамға көбейді.
2014 жылғы қаңтар-мамырда халықтың табиғи өсімі – 8128 адамды, көші-қон өсімі – 9432 адамды құрады.
2014 жылғы қаңтар-мамырда жалпы Астана қаласы бойынша 9591 туылғандар тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,8%-ға артық. Сонымен қатар, халықтың табиғи өсімі өткен жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 12,3%-ға көтерілді және 8128 адамды құрады.
Халық өлімінің негізгі себептер топтарының арасында ең үлкен үлес салмақты, әдеттегідей, қан айналымы жүйесі аурулары – 36,0%, өскіндер – 21,7%, жазатайым оқиғалар, улану және жарақаттану – 11,3% алады.
2014 жылғы қаңтар-мамырдағы АХАТ органдарында тіркелген некелесулер саны, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,5%-ға, ажырасулар саны 8,0%-ға өсті.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы