- Басты
- Жаңалықтар
- Қазғарыш басшысы «Ғалам» БК Бақылау кеңесінің отырысына қатысты
Қазғарыш басшысы «Ғалам» БК Бақылау кеңесінің отырысына қатысты
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің (ҚР ҰҒА) делегациясы Қазғарыш төрағасы Талғат Мұсабаевтың басшылығымен әуе және ғарыш индустриясы әлеміндегі маңызды оқиғалардың қарсаңында келіссөздер мен кездесулер өткізу мақсатында Farnborough Airshow халықаралық әуеғарыш салонында болды.
Қазғарыш басшысы Т. Мұсабаев аталған жұмыс сапарының шеңберінде Бордо қаласында (Франция) болды, онда ол «Ғалам» Қазақстан-Француз кәсіпорны Бақылау кеңесінің кезекті отырысына қатысты, іс-шара барысында Қазғарыш өкілдері ҚР ҰҒА-ның стратегиялық әріптесі Airbus Defence and Space француз компаниясының көрме павильонын, сондай-ақ TFE жабдығы бар контейнерлер сақталатын объектілерді аралап көрді.
ҚР ҰҒА-ның «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ және Airbus Defence and Space француз компаниясы «Ғалам» ЖШС бірлескен кәсіпорнының құрылтайшылары болып табылады, ол Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру және ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің құрылысы бойынша ірі екі ғарыш жобасын іске асыру мақсатында құрылған.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың 30 сәуірінде Қазғарыштың тапсырысы бойынша Airbus Defence and Space француз компаниясы әзірлеген Француз Гвианасындағы «Куру» ғарыш айлағынан Жерді қашықтықтан зондтаудың жоғары кеңістіктік қабілеті бар «KazEOSat-1» алғашқы қазақстандық спутнигінің сәтті ұшырылғанын естеріңізге саламыз, сондай-ақ Орынбор облысындағы «Ясный»ұшыру базасынан Жерді қашықтықтан зондтаудың орташа кеңістіктік қабілеті бар «KazEOSat-2» спутнигі де орбитаға сәтті ұшырылған болатын.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді