• Басты
  • Қазақстанда өңдеуші кәсіпорындар «жасыл» сертификаттармен ынталандырылады
23 Шілде, 2014 12:03

Қазақстанда өңдеуші кәсіпорындар «жасыл» сертификаттармен ынталандырылады

«Жасыл» экономикаға өту тұжырымдамасы аясында Қазақстанда өңдеуші кәсіпкерліктердің қызметін ынталандыратын «жасыл» сатып алуды енгізу жоспарлануда.

Қазақстанда өңдеуші кәсіпорындар  «жасыл» сертификаттармен ынталандырылады | Strategy2050.kz

«Құжаттың басты ерекшеліктерінің бірі өңдеуші кәсіпкерліктердің қызметін ынталандыратын «жасыл» сатып алуды енгізу болып табылады. Мысалға, бұл негізінен өткелдер мен жолдар құрылысына қатысты. Қазіргі таңда жылуизоляциялаушы материалдар көптеп шығарылуда», - дейді ҚР ҚОСРМ Қалдықтарды басқару департаменті директорының міндетін атқарушы Айдар Махамбет.

Оның айтуынша, батыс елдерінде өңдеуші кәсіпкерліктердің қызметін ынталандыратын «жасыл» сертификаттау жүйесі енгізілген. Айта кету керек, Қазақстанда қазіргі таңда «CT-KZ» сертификаты бар.

«Жоспар бойынша «жасыл» сертификат беру жобасы алдағы уақытта кәсіпкерлікті ынталандыруда пайдаланылмақ. Олар шартты жеңілдіктер алып, мұндай кәсіпкерліктерге қарсы ерекше режим пайдаланылады», - дейді ол.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылдың 9 маусымындағы №634 Қаулысындағы ҚТҚ басқару саласын жетілдіру мақсатында 2014-2050 жылдарға арналған қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту бағдарламасы қабылданды. Қазіргі таңда Қазақстандағы жинақталған ҚТҚ жалпы көлемі шамамен 100 млн тоннаны құрайды.

«Біріншіден, мынадай мақсат қойылып отыр: 10 пайыздық деңгейден бастап 2020 жылға қарай биолоиялық қалдықтарды жинау үлесін 2050 жылға дейін 80 пайызға жеткізу көзделген. Екіншіден, қалдықтардан «жасыл» энергия өндіру көлемін арттыру көрсеткіші», - дейді.

Бағдарламаның іске асырылуы ҚТҚ пайдалану саласындағы көрсетілетін қызмет сапасын арттырып, екінші деңгейдегі материалдық ресурстарды жинау мен өңдеу сапасын жақсартады.

Камила Амирова

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды