- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандағы ірі жылыжай алғашқы өнімін жинады
Қазақстандағы ірі жылыжай алғашқы өнімін жинады
«Оның құрылысына арқылы 2 млрд. 187,7 млн. теңге инвестицияланған.Бұл Қазақстандағы ең ірі жоғары технологиялы жылыжай кешені, ауданы 11 га жерді құрайды.Осы территорияның он гектары көкөніс егуге арналған, ал 1 га жерінде шаруашылықта өз бетімен көшет отырғызып, оны жылыжайда қолданады.», - делінген хабарламада.
Жүзден астам мамандар жабық топырақта көкөніс өсірумен аналысады, олардың көбісі жұмыс орнында көкөніс өсіру жылыжай технологиясына оқытылған.
Ордабасы ауданы Бадам ауылының маңында орналасқан жылыжай бірінші маусым жұмыс істеуде, оның өнімі – қияр – «ЭКО» сертификатын алды.
«Біздің өнімімізде «ЭКО» белгісі тұр, бұл біздің көкөністің тазалығы мен қауіпсіздігін куәландырады, - деп кәсіпорын директоры Людмила Ковченко мәлімдеді. – қиярды мұнда топырақсыз өсіреді – әр өсімдік өзінің жеке кокос талшықтарынан жасалған контейнерде өсіріледі. Суды ең алдымен біз тазаландырамыз, содан кейін адам ағзасына зиян келтірмейтін қажетті минералды қоспалардың барлығын қосып көкөністерді суарамыз. Көкөніс егу кезінде қолданатын технологиялар суды, тыңайтқыштарды және басқа да ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді»,- деді кәсіпорын директоры Людмила Ковченко.
«ҚазАгро» Ұлттық холдингінің құрамындағы «ҚазАгроҚаржы» АҚ еншілес компаниясының қолдауымен мұнда бірнеше жылдар бұрын 5 га жерге жылыжай кешенін тұрғызып, жұмысын сәтті бастаған болатын. Сол кезде кәсіпорында туркиялық технологияны қолданатын. Бірінші жобаның сәтті іске асуы «Аделя» ШҚ басшыларын жабық топырақта көкөніс өндірісін нығайтуға итермеледі. Шаруашылық жылыжай кешенін құрылысы бойынша «ҚазАгроҚаржы» АҚ-на өтінім берді. Біз бұл бастаманы қолдадық, себебі жаңа жылыжай кешенінде жылыжайлар үшін жабдықтар шығару саласындағы барлық заманауи жабдықтар қолданды», - деп Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалы директорының орынбасары Фурхад Миркаримов айтып өтті.
«Аделя» ШҚ құрылтайшыларына бірінші жоба 652,19 млн.теңгеге шықты, оның 554,19 млн.теңгесі «ҚазАгро» АҚ еншілес компаниясы «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы қаржыландырылды. Екінші жобаның құны екі жарым миллирад теңгеге асып түсті. Осы тұрғыда «ҚазАгроҚаржы» АҚ нысанның құрылысына 2 млрд.187,7 млн.теңге инвестициялады.
Өнімдері еліміздің барлық аумақтарында сұранысқа ие. Бұл кешеннің бірегейлігі тек оның масштабтарында емес, сонымен қатар технологиялық құрылысында. «Аделя» ШҚ басшысы Әбдіәшім Наль Қазақстандағы бірінші болып RICHEL Serres de France (Франция) француз компаниясымен жұмыс істей бастады, ол компанияның блокты жылыжайлары әлемдегі ең технологиялық болып есептеледі.
Әрине, РЕ-қабықшасымен қапталған жылыжай дәстүрлі технологияны қолданған қаптамадан екі есе қымбат. Дегенмен нәтиже де әлдеқайда жоғары. Ондай жылыжайдың биіктігі 8,5 м-ге дейін жетеді, сәйкесінше ауа көлемін ұлғайтады.
«ҚазАгроҚаржы» тек Оңтүстік Қазақстан облысында өндірістік типтегі жылыжай кешендері құрылысы бойынша 6 ірі жобаны іске асыруда. Қаржыландырудың түрлі көздерінен тартылған интенсивті қаржыландырудың арқасында аймақта өткен жылы жылыжай ауданын 155,0 га жерге нығайтып, 720 га жерге жеткізілді. Онда 150 мың тонна көкөніс өндірілді.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді