- Басты
- Жаңалықтар
- Көкпектідегі қалпына келтіру жұмыстарын облыс әкімі назарға алды
Көкпектідегі қалпына келтіру жұмыстарын облыс әкімі назарға алды
Өңір басшысы кезекті рет ауылға ат басын бұрып, Нижняя және Жағалау көшелерінде салынып жатқан жаңа үйлердің құрылысымен танысты.
Табиғи апаттың зардаптарын жоюға арналған штаб отырысында әкім жүргізілген жұмыстардың есебін тыңдады.
Бұқар жырау ауданының әкімі Нұркен Қобжановтың айтуынша, бүгінге дейін ауылдың 39 үйіне толықтай қабырға монтажы жасалынған. 8 үйде бұл көрсеткіштер 30-90% аралығында болса, 5 үйде ішкі сылақ жұмыстары басталған, ал 3 үйге электр сымдарын монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, қоғамдық қор есепшотына 271 млн 860 мың теңге түскен. Соның ішінде 256 млн 238 мың теңге зардап шеккендердің жеке шотына тұрмыстық техника мен үй жөндеу жұмыстарына аударылды.
«Нұрмұхамбет Әбдібеков құрылыс жұмыстарына баға бере келіп, уақыттың өте тығыз екенін айтты. Көрсетілген мерзімде үй құрылыстарын толықтай аяқтау үшін аудандағы барлық резерв пен күштің жұмылдыру қажеттілігін айтты. Сонымен қатар, әкім қайта құру жұмыстары бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді», - делінген хабарламада.
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары