- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында есептегіш құрылғыларын орнатуға 8 млрд теңге қарастырылған
Ақтөбе облысында есептегіш құрылғыларын орнатуға 8 млрд теңге қарастырылған
1 912 үйдің 236-інде аталмыш құрылғылар орнатылған.
«Қазіргі уақыттағы есептеулер бойынша Ақтөбе облысында 429 көп қабатты тұрғын үйге 438 жылу есептегіш құрылғысы орнатылуы тиіс, бұл шаралардың құны 278 млн. теңге шамасын құрайды», - деп мәлімдеді облыс әкімінің орынбасары Марат Тағымов жиында.
Жиында «Коммуналды тұрғын үй шаруашылығының даму қоры» АҚ басқармасы директоры Дархан Кірқабақов жылу есебі приборларын қондырудың қадамдық механизмі туралы түсіндірді. Бұл ретте табиғи монополия субьектісі «Коммуналды тұрғын үй шаруашылығының даму қоры» АҚ-на бекітілген форма бойынша приборлар қондырғысын қаржыландыруға өтінім береді. Оның алдында жергілікті әкімшілікпен бірлесе отырып қондырғының басымдықтарын айқындап, тиісті құқықтық базаны, әрбір пәтер иесінің төлем үлесін белгілеуі тиіс. Аталған қор өтінішті он күн ішінде қарап, шешім шығарады.
Кеңес барысында «Трансэнерго» АҚ директорының орынбасары Альбигүл Әйтенова сөз алып, өзі қызмет атқаратын мекеменің тұрғындарды жылумен және ыстық сумен жабдықтаудағы атқарып жатқан жұмыстарына тоқталды. Ол бұл ретте есептеу приборын пайдаланудың тиімділігін нақты мысалдармен келтіре отырып, бүгінде әр шаршы метр үшін 69,82 теңге төлеп отырған тұрғынның екі есе шамасында үнем жасайтындығын айтты.
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда