• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан Үкіметі 2030 жылға дейінгі елдің қаржы секторын дамыту тұжырымдамасы жобасын қарады

Қазақстан Үкіметі 2030 жылға дейінгі елдің қаржы секторын дамыту тұжырымдамасы жобасын қарады

22 Шілде, 2014 15:36
Бүгін Үкімет отырысында министрлер кабинеті 2030 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамыту тұжырымамасын қарады, деп мәлімдеді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов Үкімет отырысы қорытынысына арналған Ортылқ коммуникациялар қызметінің брифингінде.

«Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамыту тұжырымдамасы 2030 жылға дейінгі аралықты қамтымақ. Бұл ұзақмерзімді құжатты біз шартты түрде екіге бөлдік. Бірінші кезең 2020 жылға дейінгі болса, екіншісі 2030 жылға дейін», - дейді бас банкир.

Оның айутынша, қаржы секторын дамыту бойынша бұрынғы төрт тұжырымдама орта мерзімді сипатта болған еді.  

Жалпы, оның айтуынша, тұжырымдаманың құрылуына 2008-2010 жылдардағы жаһандық қаржы дағдарысы көп сабақ болды.

Үкімет отырысында айтылғандай, тұжырымдаманың басты мақсаты қаржы секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен Экономикалық ынтымақтастастық және даму ұйымы стандарттарын қосқанда үздік әлемдік стандарттар базасындағы экономикада ресурсты қайта бөлу бойынша оның тиімділігін күшейту.

Қарды секторын дамыту тұжырымдамасы аясында қаржы секторы ресурсын кеңейту мен экономикадағы несиелік қауіпті азайта отырып теңестірілген экономикалық шарттарды қолдау қарастырылған.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар