• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қостанай облысы қаржы поициясы мемлекеттік сатып алу саласында 24 жемқорлық қылмысын анықтады

Қостанай облысы қаржы поициясы мемлекеттік сатып алу саласында 24 жемқорлық қылмысын анықтады

22 Шілде, 2014 18:28
Қостанай облыстық қаржы полициясы департаменті биылғы жылдың 6 айында мемлекеттік сатып алу саласы бойынша 24 жемқорлық қылмысын анықтады. Бұл жалпы тіркелген қылмыстардың (барлығы 84 қылмыс) үштен біріне тең, деп хабарлайды ҚР Жемқорлық және экономикалық қылмысқа қарсы күрес агенттігі.

Департамент бөлімінің басшысы Бауыржан Қазкеновтың айтуынша, құнды ұсыныстарды күн сайын мониторингтен өткізу нәтижесінде мемлекеттік сатып алу порталында биылғы жылдың бірінші жартысында облыстық қаржы полициясы қызметкерлері тарапынан 60 млн теңгенің бюджеттік қаражатын тиімсіз пайдалану жағдайының алды алынды. Сонымен қатар мемлекеттік мекемелерге негізсіз бағаны көтеру деректерін жоюдың 23 дерегі бағытталды.

«Мысалға, облыстық психиатриялық аурухана мен облыстық туберкулезге қарсы диспансерде 1,5 млн және 1,4 млн теңгенің сиыр етін сатып алудағы негізсіз баға көтеру дерегі анықталды. ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ҚК 161/4 Мекемесінде құны 5,2 млн теңгенің тауарын нарықтағы бағасынан әлдеқайда қымбатқа сатып алу жағдайы анықталған», - дейді.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңның ең көп бұзылған жағдайы білім беру саласына тиесілі. Облыстық басқармаға департамент тарапынан 30 млн теңгенің қылмысын жою туралы 6 ұсыныс келіп түскен.

 

Барлық жаңалықтар