- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтауда кеме жасайтын зауыт жобасы таныстырылды
Ақтауда кеме жасайтын зауыт жобасы таныстырылды
Құрлық ауылындағы кеме жасайтын/жөндейтін зауыт құрылысы жобасы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (Қазақстан) мен «Эни С.п.А» компаниясы (Италия) арасындағы ынтымақтастық туралы Келісім аясында іске асырылуда.
Жобаның мақсаты Каспий теңізінінің қазақстандық секторында жүзетін барлық кемелердің жөндеу мен құрылыс жұмыстарын қанағаттангдыратын отандық кеме құрастыратын және жөндейтін кәсіпкерлік құру.
Маңғыстау облысы үшін аталмыш жоба барынша маңызды индустриялыд нысан болмақ. Соны іске асыру барысында жаңа жұмыс орындары ашылып, Қарақиян ауданындағы кәсіпкерлік пен инфрақұрылымды дамытуға оң ықпал етпек.
«Бұл жоба облыс үшін стратегиялық маңызды жоба болып табылады. Өздеріңізге де белгілі, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысымен үш ұлттық кластер іске асырылатын болады. Мұнай кластері үш облыстың, атап айтқанда Маңғыстау, Атырау мен Батыс Қазақстанның бар аумағын қамтиды. Біздің облыс мұнай қызметін дамыту бойынша алдыңғы қатардан орын алады. Бұл біздің бәсекелестік артықшылықтарымыз болып табылатын дамып келе жатқан көлік-логистикалық әлеует пен теңіз порттарына, сонымен қатар енді қолға алынып отырған машинақұрылысы мен инжиниринг саласына байланысты. Қарақиян ауданы Құрлық ауылы облыстың маңызды жерлерінің бірі. Бұл мұнайсервисі қызметі бойынша қазақстандық қамту көлемін арттыратын бірден бір өңір», - дейді облыс әкімі Алик Айдарбеков шара барысында.
«ҚазМұнайГаз» компаниясының салынып жатқан кәсіпкерліктерінің дирекциясы» ЖШС директоры Нұрлан Балғымбаевтың айтуынша, сарапшылардың есебінше, биыл зауытта 70 шақты кемеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар 6 жаңа кеме құрастырылады. Қазіргі таңда Қазақстанда түрлі бағыттағы және типтегі 280 шақты жұмыс істеп тұрған кеме бар. Қашаған кен орнын дамытудың екінші кезеңінде бұл көрсеткіш 500 кемеге дейін жетпек. «Алдағы уақытта инженерлер мен кеме құрылысы саласының мамандарын дайындайтын оқу ортылығын ашу жоспарланған. Зауттың акциясының 10 пайызы жобаның басқарушы операторына тиесілі болмақ», - дейді.
Айта кету керек, жоба үдемелі индустриялды-инновациялық даму бойынша мемлекеттік саясатқа сай келеді және Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан мақұлданған көлік инфрақұрылымы мен мұнай-газ секторын дамытудың мемлекеттік және салалық бағдарламаларына енгізілген.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
БҚО: Жемқорлықпен күрес, бюджет қаражаты және «Е-асхана» жобасы