- Басты
- Жаңалықтар
- «Astana Ballet» Санкт – Петербургтағы «Звезды белых ночей» атты XXII музыка фестиваліне қатысады (ФОТО)
«Astana Ballet» Санкт – Петербургтағы «Звезды белых ночей» атты XXII музыка фестиваліне қатысады (ФОТО)
«Бір жылдан аса тынымсыз еңбегіміз бен Қазақстан мен шетелдегі көрермен алдындағы өнер көрсетулер бүгінде ұжымның біртұтас, бір актілі балетті сахналауға дайын екенін көрсетті. Біздің идеяларымызды жүзеге асырып және бидегі өз мәнерін енгізе алатын хореографты іздеу ұзаққа созылды. Көркемдік басшылықтың таңдауы біздің пайымдауымызша, қазіргі замангғы ең тартымды балетмейстерлердің бірі, мәскеулік хореограф Никита Дмитриевскийге түсті. Бізге даму, жаңа ағымдар мен бағыттарды байқап көру, көрерменге ұғынықты, дей тұрғанмен де қазақ халқының өзіндік ерекшелігін айқындайтын заманауи би тілімен тілдесу маңызды»,-деп түсіндіреді жаңа қойылымның негізгі мақсатын Күзембаев мырза.
«ӘЛЕМ» балетінің премьерасы 2014 жылы 27 маусымда Астана қаласындағы Бейбітшілік пен Келісім сарайында үлкен табыспен өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Халықтық және заманауи хореографияның классикалық дәстүрлері мен ең соңғы үрдістерін шебер біріктіре білген бірегей «Astana Ballet» хореографиялық ұжымы 2012 жылдың күз айында құрылды. Театр Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке ұсынысы бойынша ашылды.
Театр репертуарында отандық және шетелдік хореографтардың қатысуымен жасалған 50-ден астам қойылым бар. Бүгінде «Astana Ballet» қызықты шығармашылық жобаларды жасау арқылы көрермендердің әртүрлі буын өкілдері арасында үлкен сұранысқа ие. Алдағы уақытта Европа елдерінің астаналарына гастрольге шығу жоспарланып отыр.
-
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
«Astana Media Week»: Ковидтан кейінгі әлем және салдары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші