• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жеке мүддеге қатысты көпқабатты үйлерді өзгерту заңдастыруды талап етпейді – Әбдірайым

Жеке мүддеге қатысты көпқабатты үйлерді өзгерту заңдастыруды талап етпейді – Әбдірайым

22 Шілде, 2014 16:12
ҚР заңнамасына сай, пәтер иелерінің мүдделеріне ғана тиесілі тұрғын үйлер пәтерін өзгерту (қайта қондырғылау, қайта жобалау) заңдастыруды талап етпейді. Бұл туралы «Заңдастыру-2014» науқанына қатысты өткен телекөпір барысында Қазақстан Республикасы әділет министрі орынбасары Бақытжан Әбдірайымов мәлімдеді.

«Көпқабатты үйлер мәселесі – кондоминиумға тиесілі мәселе. Кондоминиум дегеніміз – азаматтардың, заңды тұлға мен мемлекеттің меншігіндегі ғимаратқа қаитысты жылжымайтын мүлік меншілігінің бір түрі. Ал ортақ мүлік жалпы іскерлік меншік құқығына тиесілі», - дейді.

Оның айтуынша, кондоминиум мәселесі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңмен реттеледі.

Аталмыш Заңның 4 бабының 3 тармағына сай, ғимаратты (пәтерді) өзгерту (қайта қондырғылау, қайта жобалау) кезінде төмендегі жағдайларда тұрғын үйдің ғимараттың (пәтердің) меншік иелерінің жалпы санының кемінд үштен бірінің міндетті түрде жазбаша келісімі талап етіледі: өзгерістер құрылымға өзгерту енгізеді, өзгерістер жалпы мүлікке өзгеріс енгізеді.

«Жоғарыда аталған өзгерістер ғимаратты (үй бөліктері) өзгертумен араласу өзге ғимараттың (үй бөлігі) иелерінің ғана мүддесіне қатысты болса, көрсетілген тұлғаның жазбаша келісімі талап етіледі. Осыған орай аталмыш мәселе задастыруға тиесілі емес», - дейді.

 

Барлық жаңалықтар