• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Жәмішев: Мүлікті техникалық қарау құны тапсырыс беруші мен сарапшы тарапынан анықталады

Б.Жәмішев: Мүлікті техникалық қарау құны тапсырыс беруші мен сарапшы тарапынан анықталады

22 Шілде, 2014 15:42
Сарапшының мүлікті заңдастырушы тұлғаларға арналған тұжырым беру талаптары мен техникалық қарау жұмыстарының ақырғы құны қарауға тапсырыс беруші мен сарапшы арасындағы келісімшарт қатынастары арқылы анықталады. Бұл туралы «Заңдастыру-2014» бағдарламасына арналған телекөпір барысында Қазақстан Республикасы өңірлік даму министрі Болат Жәмішев мәлімдеді.

Б.Жәмішевтің айтуынша, техникалық тарау құны құрылыстағы жетекші құжаттар бойынша бекітіледі. Осы орайда техникалық қарау жұмыстарының ақырғы құны қарауға тапсырыс беруші мен сарапшы арасындағы келісімшарт қатынастары арқылы анықталады.

«Жеке тұлғаның заңды тұлғамен ғимарат пен құрылысты техникалық қарау бойынша келісімге отыруы үшін жер телімі иесінің жеке бас төлқұжаты мен жер телімі меншік құқығын беретін құжатының болуы шарт. Тиісті аттестатқа ие сарапшылар тізімімен тиісті мәліметтер жарияланатын әкімдік жанындағы аймақтық Мемлекеттік архитектуралық-құрылыс бақылуаы мен лицнзиялау департаментіне барып немесе аты-жөні, мекен-жайы мен жекелеген мәліметтері көрсетілген www.kds.gov.kz ғаламтор сайтындағы «Аттестацияланған сарапшылар реестрі» сілтемесінен танысуға болады», - дейді. 

Барлық жаңалықтар