• Басты
  • Жаңалықтар
  • Заңдастырылған қаражатты пайдалану мүмкіндігі жекешелендіруде қарастырылған - ҚМ

Заңдастырылған қаражатты пайдалану мүмкіндігі жекешелендіруде қарастырылған - ҚМ

22 Шілде, 2014 11:43
Заңдастырылған қаражатты пайдалану мүмкіндігі жекешелендіру барысында қарастырылған. Бұл туралы «Заңдастыру - 2014» бағдарламасының мәселелері бойынша өткен телекөпірде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.

Студияда  Алматы қаласындағы Республика сарайы мен Су Арнасы нысандарына қатысты сұрақ қойылды. Көрермендер заңдастырылған қаражатты аталмыш нысандарды пайдалануға сатып алуға болады ма деп сауал жолады.

«Заңдастырылған қаражатты пайдалану мүмкіндігі жекешелендіру барысында қарастырылған. Ал,  сіз айтып отырған нысандар туралы айтатын болсақ, республика сарайы Алматы қаласының коммуналдық меншігінде және ол жекешелендірілетін нысандар тізіміне кірмейді. Сонымен қатар, «Алматы Су холдингі» олда мемлекеттік коммундық кәсіпорын болып табылады және ол да Үкімет бекіткен жекешелендіруге жататын нысандар тізімінде жоқ», - деді ведомвто басшысы.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар