- Басты
- Жаңалықтар
- «Даму» жүк көліктерін сатып алуды субсидиялау бағдарламасын дайындауға ниетті
«Даму» жүк көліктерін сатып алуды субсидиялау бағдарламасын дайындауға ниетті
Оны ұйымдастырған Қазақстанның «KAZLOGISTICS» тасымалдаушылар одағы, Қазақстандық АвтоБизнес қауымдастығы, «Даму» кәсіпкрлікті қолдау қоры» АҚ, «AllurAuto» мен ҚР Көлік және коммуникация министрлігі.
Шараға сонымен қатар Қазақстан Республикасы халықаралық автокөлік тасымалдаушылары одағы, Қазақстан Республикасы автотасымалдаушылар одағы, «БРК-Лизинг», «Сбербанк-Лизинг», «ТехноЛизинг», «IVECOCapital» және өзге де көліктік бизнес қауымдастық өкілдері қатысты.
«Даму» КҚҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, Қазақстанның көліктік саласы 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап субсидияланады.
«Біз жүк автокөліктерін сатып алуды субсидиялауға мүмкіндігіне ие болу үшін лизингтік компаниялармен бірлесіп бағдарлама дайындадық. Сонымен қатар жеңілдетілген несиенің салалық жолы кеңейтілмек. 1 қаңтардан бастап субсидияға транспорттық қызмет көрсететін субъектілер ғана емес, оған қоса көлік шығаратындар да өтініш бере алады», - дейді.
Шараға қатысушылар мемлекет тарапынан субсидияланатын сыйақы құны, «Даму» қорының беретін кепілдік көлемі мен жүк АКҚ сатып алу жобасына қаржыландыру құнын арттыру, «Авто-лизинг», «Авто-несие» секілді арнайы қаржыландыру бағдарламаларын құру мәселесінде жүк автокөліктік құралдарды алудаы отандық тасымалдаушыларды қолдау мүмкіндіктерін талқылады.
Сонымен қатар кездесу барысында Қазақстанның «KAZLOGISTICS» тасымалдаушылар одағы, Қазақстандық АвтоБизнес қауымдастығы, «Даму» кәсіпкрлікті қолдау қоры» АҚ арасында алдағы уақытта ынтымақтастықта жұмыс істеу туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумның мақсаты Авто-лизинг», «Авто-несие» секілді арнайы қаржыландыру бағдарламаларын құру мәселесінде жүк автокөліктік құралдарды алудаы отандық тасымалдаушыларды қолдау боып табылады.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Қостанай облысы: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары, бизнесті қорғау және АШ-ты субсидиялау -
Елордадағы эпиджағдай: инфекциялық стационарлардың жүктемесі 70%-дан асты -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Қаржы саласы: Бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру және цифрландыру шаралары -
ШОБ-ты қолдау: Бизнеске жүктеме азайтылып, жаңа реттеу саясаты енгізілмек -
«Болашақ» бағдарламасына құжат тапсыру мерзімі мен жаңа талаптар