- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан ЮНЕСКО құндылықтарын ілгерілету үшін қолынан келгенінен аянбайды – Назарбаев
Қазақстан ЮНЕСКО құндылықтарын ілгерілету үшін қолынан келгенінен аянбайды – Назарбаев
«130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері бейбіт өмір сүріп отырған Қазақстан үшін ЮНЕСКО-ның мәдениаралық, өркениетаралық және дінаралық диалогты нығайтуға бағытталған қызметтері кеңінен таныс. Өз тарапымыздан біз ЮНЕСКО құндылықтары толеранттылық қағидасы мен жаңа гуманизм идеясын ілгерілету үшін қолынан келгенінен аянбаймыз», - делінген мемлекеттік хатшы Әділбек Жақсыбековтың жеткізген ҚР Президенті Н.Назарбаевтың ЮНСКО ісі бойынша ұлттық комиссияның бірінші өңіраралық жиыны қатысушыларына қарата айтқан сөзінде.
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан бірқатар жаһандық бастамаларды ұсынып отыр. Соның арасында мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық жылы мен халықаралық он жылдығы бар.
«Астана сонымен қатар әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының басын қосатын орталыққа айналып отыр. Бүгінде ЮНЕСКО идеалдарының танылуы ұйымның мүше мемлекеттерінің тұрақты жұмыс істеуі мен ЮНЕСКО істері бойынша ұлттық комиссия секілді теңдессіз ынтымақтастық құралын толыққанды пайдалану қажеттілігі бар. Бірінші өңіраралық жиынның өткізілуі әріптестікті дамытудың үлкен бастамасына айналатынына сенімдімін», - дейді Президент.
Сөз соңында Мемлекет басшысы бейбітшілік пен келісімді дамытуда сәттілік тілеп, атқарған жұмыстарына ебек тіледі. Сонымен қатар бұл шараның дәстүрлі түрде қолға алынып, мемлекеттер арасында түсіністікті арттыруда маңызды құрал болатынан үмітті екенін айтты.
Айта кету керек, бүгін Астанада ЮНЕСКО-мен бірлесіп ЮНЕСКО істері бойынша Ұлттық комиссияның бірінші өңіраралық жиыны өтеді. Жиын шілденің 22-24 аралығында болмақ.
Камила Амирова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді