Санкт-Петербургте ОҚК ресми өкілінің брифингі өтеді

4 Қыркүйек, 2013 00:00
Санкт-Петербургтегі G-20 алаңында өтетін ОҚК брифингінде көтерілетін негізгі мәселе – Қазақстанның Көшбасшылар саммитіне қатысуы және елімізде болып жатқан өзекті мәселелер төңірегінде болмақ.

G-20 Саммитінің алаңында 2013 жылдың 4 қыркүйегі сағат 14.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев көшпелі брифинг өткізеді. Оған «Жиырмалық» саммитіне Қазақстан атынан қатысып отырған Шерпа (Sherpa – өкіл), ҚР Президенті әкімшілігінің стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі Азамат Әбдімомынов қатыспақ.

Брифингтің тікелей көрсетілімі ortcom.kz және Bnews.kz сайттарында тікелей эфирден көрсетіледі. Қызығушылық танытқан барлық БАҚ өкілдерін брифинг барысын тамашалауға шақырамыз. Сұрақтарыңыз болса алдын ала #ortcom хэштэгі арқылы twitter-аккаунтқа жіберіңіздер.

 

Барлық жаңалықтар