Тастанды үйлерді иелену құқығы 7 жыл өткен соң күшіне енеді - Б.Жәмішев

22 Шілде, 2014 11:12
Егер тастанды үйді бөгде азамат иеленіп алса, оған үйге иелік ету құқығы заңды түрде 7 жыл өткен соң берледі. Бұл туралы «Заңдастыру - 2014» бағдарламасының мәселелері бойынша өткен телекөпірде ҚР Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев мәлім етті.

«Азаматтық кодекстік  242 бабына сәйкес қараусыз қалған тастанды заттар органдардың есебіне алынады. Кейін сот арқылы ол коммуналдық меншікке өтеді», -  деді сөз басында Жамішев.

Оның айтуынша, тастанды үйлер баспана қажет етіп отырғандарға берілген болатын. Алайда осы ретте барлық заңды нормалар мен процестер сақталды.   Айта кетерлік жайт, бұрынғы меншік иесінің өз мүлкін қайтарып беруді сұрауы ол заңды. Осындай жағдайлар жергілікті органдар тастанды үйлерді коммуналдық меншікке өткізу сынды тәртіпті қатаң ұстанғаны жөн.

«Егер, тастанды үйді елік етіп алған жеке немесе заңды тұлға болатын болса, онда бұл меншік оған тек 7 жыл өткеннен соң ғана меншігіне заңды түрде беріледі», - деді минстр. 

Барлық жаңалықтар