- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада алғаш рет ЮНЕСКО ісі бойынша әлемнің 125 елінің ұлттық комиссиясының жиыны өтеді
Астанада алғаш рет ЮНЕСКО ісі бойынша әлемнің 125 елінің ұлттық комиссиясының жиыны өтеді
Оған ЮНЕСКО-ның барлық бес өңірлік тобының (Араб мемлекеттері, Африка, Азия мен Тынық мұхиты, Еуропа мен Солтүстік Америка, Латын Америкасы мен Кариб бассейні) атынан әлемнің 125 елінің ұлттық комиссиясы өкілдері қатысады.
8 адамнан тұратын ЮНЕСКО делгациясының басында ЮНЕСКО-ның қоғамдық мәліметтердің сыртқы байланысы бойынша бас директоры Э.Фальт бар.
Аталмыш шараға тұңғыш рет әлемнің барлық өңірлерінің Ұлттық комиссиялары Ұлттық комиссияның үздік тәжірибелерін ілгерілету, ынтымақтастықты нығайту мен әлеуетті арттыру мәселесі бойынша жалпылай кеңесу мақсатында жиналып отыр.
Жиын аясында сегіз қазақстандық нысанды (Алматы облысындағы Қаялық, Қарамегрен, Талғар қалашықтары мен Жамбыл облысындағы Ақтөбе, Степнинск, Ақыртас, Құлан, Қостөбе, Өрнек қалашықтары) «Жібек жолы ескерткіштері: Тянь-Шань дәлізі» атты Қытаймен және Қырғызстанмен бірлескен сериялық трансшекаралық номинация аясында ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу туралы сертификат тапсыру салтанатының жиыны мен тағы қазақстандық қос табиғи резерваты – «Қатон-Қарағай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен «Ақжайық» биосфералы аймағын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік биосфералық резрватына енгізу туралы сертификат табысталады деп күтілуде.
Сонымен қатар жиын барысында ҚР Ұлттық комиссиясының бұрынғы төрағасы – Астана қаласы әкімі И.Тасмағамбетовты ұйымның құрметті медалімен марапаттау жоспарланған.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген