• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекет өз мүліктеріне рақымшылық алатын азаматтарды тергемейді – Бас прокуратура

Мемлекет өз мүліктеріне рақымшылық алатын азаматтарды тергемейді – Бас прокуратура

22 Шілде, 2014 09:46
Мемлекет рақымшылық жасаған жағдайда мүлік пен қаржы құралдарын алуға себеп болған құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тарпайды. Бұл туралы «Заңдастыру-2014» бағдарламасы бойынша өткен тлекөпір барысында ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко мәлімдеді.

«Заңдастыру науқаны Парламенттің арнайы қабылдаған заңы шеңберінде өткізіледі. Заңның толық атын оқысаңыздар, онда заңдастыруға байланысты рақымшылық жасау деген сөзді көресіздер. Бұл дегеніңіз – мемлекет қандай да бір мүлік құқығын мойындай отырып, бұл жағдайда мүлік пен қаржы құралдарын алуға себеп болған құқық бұзушылықтарға рақымшылық жасай отырып қандай да бір жауапкершіліктен босатады», - дейді Андрей Кравченко.

Оның айтуынша, заңда ешқандай да қылмыстық істің қозғалмайтыны көрсетілген және қозғалып қойылған істер жабылуы тиіс. Бұл өз кезегінде әкімшілік іс жүргізуге де байланысты.

Сонымен қатар А.Кравченко мемлекетке берілетін ақпараттар заңдастыру кезінде қылмыстық және әкімшілік тегреу құралы ретінде пайдаланылмайтынын айтты.

«Заңдағы басты кепілдіктердің бірі – заңдастыру кезінде мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың алатын мәліметтеріне қатысты. Аталмыш мәліметтер заңдастыру кезінде қылмыстық және әкімшілік тегреу құралы ретінде пайдаланылмайды. Бұның барлығы осы заңның нормаларында соқырға таяқ ұстатқандай етіп көрсетілген. Бұның барлығы жоғарыдағы сөзімізге дәлел болады», - дейді.

Индира Қауметова

 

Барлық жаңалықтар