Каспийге арналған Жасыл Пакет

5 Қыркүйек, 2013 00:00
2013 жылы 4 қыркүйекте Астана қаласында «Каспий Жасыл пакеті» жобасының тұсаукесеріне арналған дөңгелек үстел отырысы өтеді.

Орта Азияның аймақтық экологиялық орталығы (ОААЭО) мұғалімдерге арналған «Қазақстанның Каспий өңіріне арналған Жасыл Пакет» ерекше мультимедиалық ресурсының таныстырымы өтеді.

ОААЭО бұл жобаны БҰҰ Даму Бағдарламасы мен «Coca-Cola» компаниясының қолдауы аясында Орта және Шығыс Еуропаның экологиялық орталығымен бірлесе отырып жасаған.

«Каспийдің Жасыл Пакеті» мультимедиалық ресурсы құрамында компакт-диск, мұғалімге арналған екі тілді әдістемелік құрал мен қазақ және орыс тіліндегі «Дилемма» кәртішкелік ойыны бар. 

Барлық жаңалықтар