• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қаржы министрі 2014 жылғы заңдастырудың бұрынғылардан ерекшеліктерін атады

Қаржы министрі 2014 жылғы заңдастырудың бұрынғылардан ерекшеліктерін атады

21 Шілде, 2014 23:05
Бүгін «Заңдастыру-2014» мемлекеттік бағдарламасы мәселесі бойынша телеөткел көрсетілімі барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – қаржы министрі Бақыт Сұлтанов биылғы заңдастыру науқанының бұрынғылардан ерекшеліктерін айтты.

«Биылғы заңдастыру науқанының бір айырмашылығы заңдастырылатын қаражат табыс ретінде қарастырылмайды. Сол себепті де оған ешқандай салық салынбайды. Алайда аталмыш қаражат есепшотқа түсіп, экономикада 5 жылдай жұмыс істеген болуы керек. Немесе заңды инвестициялық құралға бағытталып, құнды қағаздар инвесициялық нысандарға салынуы керек. Яғни, осы тұрғыда біздің көздегеніміз экономикалық тұрғыда», - дейді Үкімет басшысының орынбасары – қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

Сонымен қатар ведомства басшысының айтуынша, азаматтар өз мүлкін заңдастырғанынан кейін ол құқық қорғау органдары тарапынан ешқандай да тергелмей, толықтай рақымшылыққа ие болмақ.

Министрің мәліметінше, азаматтар өз қаражаттарын екінші деңгейлі банктердің есепшотына аударғанынан кейін пайыздық үстеме алатын болады. Егер кісі қаражатты өз қажеттілігіне пайдаланғысы келсе, онда құнды қағаздарды сатып алуына немесе инвестициялық нысандарға аударуына болады.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар