• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Хабар» арнасының тікелей эфирінде заңдастыру мәселесі бойынша телекөрермендермен ашық диалог өтуде

«Хабар» арнасының тікелей эфирінде заңдастыру мәселесі бойынша телекөрермендермен ашық диалог өтуде

21 Шілде, 2014 21:41
«Хабар» арнасының тікелей эфирінен қазақстандықтар заңдастыру мәселесі бойынша көкейлеріндегі сауалдарға жауап ала алады, қазір тікелей эфир арқылы «Заңдастыру-2014» мемлекеттік бағдарламасы бойынша телеөткел өтуде.

Қазақстандықтардың сауалдарына ҚР Премьер-министрінің орынбасары, қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, ҚР өңірлік даму министрі Болат Жәмішев, ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко, ҚР әділет министрі орынбасары Бақытжан Әбдірайым, ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Қуат Қожахметов жауап беруде. Кез келген телекөрермен заңдастыру мәселесіне қатысты ойларындағы сауалдарға тұщымды жауап ала алады. Телеөткел құрылымыдық диалог түрінде өтуде.

Естеріңізге сала кетейік, сауалдарды онлайн режиммен 1414 нөмірі арқылы Электронды үкіметтің біріңғай байланыс орталығына жолдауға және әлеуметтік желілердегі #legalkz хэштегі арқылы жіберуге болады.

Айта кету керек, заңдастыру науқаны Қазақстанда 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасын табады.

Индира Қауметова

 

Барлық жаңалықтар