- Басты
- Жаңалықтар
- Степногорск қаласының 235 тұрғыны «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының қатысушысы атанды
Степногорск қаласының 235 тұрғыны «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының қатысушысы атанды
Бағдарламаны іске асырғалы бері қаланың 865 тұрғыны қатысты. Степногорскте бағдарламаның екінші бағыты кеңінен қолданылуда. Оның негізінде жеке кәсіпкерлік бастамаларды қолдау қарастырылған. 2011-2013 жылдар аралығында 32 тұрғын халыққа қызмет көрсету мен мал шаруашылығымен айналысу үшін 73,05 млн теңге алды.
Биыл мал шаруашылығымен айналысуға, тамақтану орнын ашуға, балалардың сауықтық орнын ашуға және құм блоктарын шығарумен айналысуға 19 тұрғыннан өтініш келіп түсті. Қазіргі таңда соның 7-еуі 18,4 млн теңге бөлемінде несие алды.
Степногорск қаласында 2011-2013 жылдары аралығында бағдарламаның үшінші бағыты бойынша 399 адам кәсіби оқытумен қамтамасыз етілді. Кәсіби оқытудың аяқталуымен олардың барлығы тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етілді.
«Жұмыспен қамту орталықтары мамандары тарапынан жастар тәжірибесін ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша жастардың іс-тәжірибесіне 2012 жылы 37 адам, 2013 жылы 43 адам, 2014 жылдың бірінші жартыжылдығында 41 адам қамтамасыз етілді. Жастардың іс-тәжірибесінің максималды мерзімі 6 ай», - дейді Степногорск қаласының жұмыспен қамту орталығы директоры Қарлығаш Ғафарова.
Биыл колледжді 42 адам аяқтап, 14-і қаланың түрлі кәсіпкерліктеріне іс-тәжірибеге жөнелтілді. Ал қалған 25-і тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді.
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары