• Басты
  • Жаңалықтар
  • ШҚО-да Мәдениет саясаты тұжырымдамасына «Ауыл мәдениеті» бөлімін енгізу ұсынылды

ШҚО-да Мәдениет саясаты тұжырымдамасына «Ауыл мәдениеті» бөлімін енгізу ұсынылды

21 Шілде, 2014 19:06
ШҚО-да Мәдениет, мұрағат және құжатнама басқармасының алқа мәжілісінде ҚР Мәдениет саясаты тұжырымдамасына өзгертулер енгізу ұсынылды.

Отырыс барысында қатысушылар мәдениет тұжырымдамасы туралы пікір алмасты, деп ШҚО-ның Ақпараттық орталығынан хабарлады.

Шығыс Қазақстан облысы келелі құжатты қолдап отыр.  Алайда олардың тарапынан республикалық бюджеттің қаржыландыруы арқылы бірқатар шараларды өткізу жоспары ұсынылды.

Қала мен аудандардың мәдениет басқармасының бастықтары Мәдениет саясаты тұжырымдамасына «Ауыл мәдениеті» бөлімін және құжатқа кадр саясаты мәселесін енгізуді  ұсынды.  Сонымен қатар, осы салаға ІТ технологияларды енгізу мәселесі де наардан тыс қалмады. 

Барлық жаңалықтар