• Главная
  • Жарты жылда Қазақстанда 10 мыңдай мүгедек жұмысқа тұрды
21 июля, 2014 17:32

Жарты жылда Қазақстанда 10 мыңдай мүгедек жұмысқа тұрды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде ҚР Премьер-министрі орынбасары Г.Н.Әбдіқалықованың төрағалығымен Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды ведомства.
Жарты жылда Қазақстанда 10 мыңдай мүгедек жұмысқа тұрды

Отырысқа мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қоғамдық ұйымдарының мүшелері, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың және Қазақстанда жұмыс істейтін халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Кеңеске бейнебайланыс режимінде 14 облыстың, Алматы мен Астана ққ. әкімдері қосылды.

2014 жылғы 1 қаңтардағы деректер бойынша, еңбекке қабілетті жастағы мүгедек адамдардың жалпы саны 404 851 адамды құрады. Министрлік елдегі мүгедектіктің құрылымына егжей-тегжейлі талдау жасады, оның қорытындысы бойынша жұмыс істеп жатқан мүгедек адамдардың (бірінші жарты жылдың қорытындысы бойынша - 95 642),  мүгедек адамдардың,  аурудың ауыр түрлерімен ауыратындықтан және мүмкіндіктері шектеулі болғандықтан, денсаулығына байланысты жұмысқа орналастырыла алмайтын мүгедек адамдардың саны анықталды.  Жұмысқа орналасуға мұқтаж еңбекке қабілетті мүгедек адамдардың жыныс-жас құрылымы, олардың білім деңгейлері, біліктіліктері анықталды.

Мүмкіндіктері шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, әрбір облыстардағы кәсіпорындар мен ұйымдардағы бос орындар саны анықталып, Мүгедек адамдарды жұмыспен қамту картасы әзірленді.

Мүгедектерді жұмыс орындарының типі бойынша жұмысқа орналастыруға жасалған талдау осы кезеңде жұмысқа орналастырылғандардың жалпы санынан 45%-ы тұрақты жұмыс орындарына орналастырылған, 55%-ы әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстар мен жастар тәжірибелері аясында уақытша бос орындарға жіберілді.

Еңбек қызметінің салалары бойынша жасалған талдау мүмкіндіктері шектеулі адамдардың: білім беру (20,5%), мемлекеттік басқару және қорғаныс (13,7 %), денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету (12,6%), өңдеуші өнеркәсіп (7%), көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу ұйымдарында (6,9%), басқа қызмет түрлерін көрсететін салаларда – 39,3% қамтылғанын көрсетеді.

Әлеуметтік маңызы бар объектілердің мүмкіндіктері шектеулі адамдардың мұқтаждықтарына сәйкестігіне паспорттау (түгендеу) жүргізу жалғастырылуда. Объектілерді паспорттау барысында анықталған мүмкіндіктері шектеулі адамдардың мұқтаждықтарына сәйкессіздік кейіннен оларды бейімдеу бойынша жұмыстар жүргізуге негіз болып табылады. Бұл жұмысты жүргізу үшін өңірлерде мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері өкілдерінен құралған сараптамалық топтар мен арнайы жұмыс топтары құрылды. Бейімдеу жүргізуді талап ететін 54 588 объект анықталды.  

Ағымдағы жылы «ДЖК 2020» және жергілікті бюджет (Объектілерді бейімдеу картасы) қаражаты есебінен  1969 объектіні бейімдеу көзделді. Ү.ж. 3 шілдедегі жағдай бойынша, 426 объект (жалпы санының 21%-ы): Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда облыстарында бейімделді.

Кейбір өңірлер бойынша (Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар және Алматы, Астана қалаларында) бұл көрсеткіштер нөлге тең. Бұл орайда жергілікті атқарушы органдарға құрылымдық бөлімшелердің әрекетсіздігіне назар аудару ұсынылды, бұл Мемлекет басшысының кедергісіз орта құру жөніндегі тапсырмасының орындалмауына әкеліп соғуы мүмкін.

Бұған қоса, бюджет қаражаты есебінен бейімделетін объектілердің сапасына бақылауды күшейту үшін аумақтарда өкілеттіктері бар Қоғамдық бірлестіктерінің республикалық штабы құрылды. БАҚ-тарда әлеуметтік блок мәселелерін көрсететін журналистер де осы жұмысқа тартылады. Бұл штабтың басты мақсаты – жергілікті атқарушы органдардың мүмкіндіктері шектеулі адамдардың жұмысқа орналастыруын және де инфраструктураның бейімдеу процессінің мониторингін жүргізу.

Осы жиын барысында ұсынылған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы ҚР Еңбекминістрлігінің қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып әзірленді.