• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Беларусьтың Бас прокуротуралары ынтымақтастық туралы келісімге отырды

Қазақстан мен Беларусьтың Бас прокуротуралары ынтымақтастық туралы келісімге отырды

21 Шілде, 2014 17:50
Бүгін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Минск қаласына жұмыс сапары барысында Беларусь Республикасының Бас прокуроры Александр Конюкпен кездесті. Келелі кездесуде Бас прокуратуралар арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге және Астана мен Минск қалалары прокуратуралары арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, деп ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады.

А.Дауылбаев Қазақстан мен Беларусь арасындағы ынтымақтастықтың стратегиялық одақтас сипатқа ие екендігін атап өтіп,А.Конюкке Беларусь еліне шақыруы үшін алғысын білдірді.

Кездесу барысында тараптар қалыптасқан екіжақты қарым-қатынастар мен бұдан былайғы ынтымақтастықтыңкелешегі жайлы пікір алмасты.

А.Дауылбаев екі елдің бас прокуратураларының арасындағы ынтымақтастықтың көп жақты да, екі жақты да нысандарда жемісті түрде жүзеге асырылып келе жатқандығын атап көрсетті.

Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстар, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру, терроризм мен экстремизм, сондай-ақ есірткіге қатысты қылмыстар жөніндегі мәселелер талқыланды. Тұрақты негізде жедел ақпарат алысу, халықаралық ынтымақтастықтағы жәнесалалықозық тәжірибелерді бөлісу үшін мамандар алмасу жөніндегі келісімге қол жеткізілді.

Кездесу нәтижесінде Бас прокуратуралар арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге және Астана мен Минск қалалары прокуратуралары арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Қол қою рәсімінен кейін өткен баспасөз конференциясында Қазақстанның Бас Прокуроры қол қойылған ведомствоаралық келісім екі елдің құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және қылмыспен күрес, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету ісіне маңызды үлес қосуға қызмет ететіндігін атап көрсетті.

Барлық жаңалықтар