• Басты
  • «Балам-ай» қоғамдық қоры - шексіз мүмкіндіктердің ұтымды жобасы (ФОТОРЕПОРТАЖ)
21 Шілде, 2014 15:14

«Балам-ай» қоғамдық қоры - шексіз мүмкіндіктердің ұтымды жобасы (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Махаббат пен қамқорлық - бұл екі қастерлі ұғым «Балам-ай» қоғамдық қоры қызметкерлерінің басты ұстанымы. Бұл қор мүмкіндігі шектеулі жандарға шын жанашарлық танып, қоғам өміріндегі олардың орнын арттыру мақсатында тер төгіп жүрген ұжым болып табылады.

«Балам-ай» қоғамдық қоры - шексіз мүмкіндіктердің ұтымды жобасы (ФОТОРЕПОРТАЖ) | Strategy2050.kz

«Балам-ай» қоғамдық қорында тәрбие көріп жатқан балалардың сырқаттары өте ауыр болғандықтан оларды ешбір мекеме қабылдамайды. Осы орайда үміттің үзілді-ау деген шағында аталмыш қоғамдық қоры бұл бүлдіршіндерге жанашырлық танытып, қамқорлықтарына алды. Күн сайын қоғамдық қордың әр қызметкері балаларға мейірім мен махаббат сыйлайды. Тек осындай ортада ғана балалар өздерін қоғамға қажетті екендіктерінм түсініп, бақыттың бал дәмін татады. Көпшіліктің мейірімі мен махаббаты оларға тілмен айтып жеткізе алмас шаттық сыйлайды. 

Мұнда жас ерекшеліктеріне қарай екі топ құрылған. Олар төменгі топ (3-18 жас аралығы) пен ересектер (18 жастан жоғары) тобы.

Бүгінгі таңда «Балам-ай» қоғамдық қорына 70 адам келеді. Соның ішінде 40-ы төменгі топ болса, 30-ы ересектер тобында. Оларға қордың 27 қызметкері қызмет көрсетеді. Атап айтар болсақ, олар ұстаздар, психологтар, логопедтер, әлеуметтік жұмыскерлер мен өзгелері. 

Психоневрологиялық патологияға шалдыққан балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік қолдау орталығының меңгерушісі Бәтима Әубәкірованың айтуынша, орталықтың ашылуы батыл қадам болып, аталмыш жобаның берері мол екені анық.

«Біздің «Балам-ай» қоғамдық қорымыз 2010 жылы ашылды. Біздің ешқандай да медициналық немесе қайта бейімдеу орталығы еместігін ескерсек, бұл алғашқы кезеңдері айтарлықтай батыл қадам еді. Алайда белгілі бір жағдайларда тәуекелге барудың қажеттілігі анық. Біз осы санаттағы балалар мен жасөспірімдерге әлеуметтік қызмет көрсету бойынша тендерді ұтып алдық. Олар әлеуметтік көмектің әлеуметтік түрлерін көреді», - дейді. 

«Бұл балаларға ата-аналары тарапынан барынша көп назар аударылуы тиіс. Алғашқы кездері біздің бұл балалармен жұмыс істеуіміз оңай болған жоқ, дегенмен уақыт өте келе біз монологтық және диалогтық түрде тіл табыса аламыз», - дейді Бәтима Әубәкірова.

Айта кету керек, оралымдық қызмет үй шаруашылығы, агротерапия, кітапхана мен компьютер сыныптары үйірмелері мен секциялары арқылы әрбір қатысушының жеке бас қажеттіліктері мен мүдделерін ескере отырып ұйымдастырылған. 

«Балалардың бойынша жетістікке жетуге деген құлшыныс пен өмірге құштарлық басым. Олар мүмкіндіктерінің шектеулілігіне қарамастан қандай да бір жағынан пайдалы болуға тырысады. Оларды қуатты ететіні де сол жүректерінің кеңдігі мен көңілдерінің дархандығы. Олардың ата-аналары тіпті балаларының мұндай еңбекқор болатынын ойламаған да болса керек», - дейді психоневрологиялық патологияға шалдыққан балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік қолдау орталығының меңгерушісі Бәтима Әубәкірова

Жоба қатысушылардың өз мүмкіндіктеріне деген шексіз сенімі мен өзіндік «менін» жоғары бағалауға жол ашады. Шығармашылық мүмкіндіктерін арттырып, еңбекқорлықтарын шыңдайды. 

Сонымен қатар «Балам-айдың» балалары өз дарындарын көпшілікке паш ететін түрлі фестивальдер мен байқауларға қатысады. 

Жобаның мақсаты - психоневрологиялық патологияға шалдыққан адамдарды баламалы кірістердің, атап айтар болсақ жекелей оқыту мен еңбек терапиясы мен жеке басын ынталандыру арқылы қоғамға араластыру болып табылады. 

Сонымен, бүгінге дейін мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың басты мәселенің бірі осындай санаттағы балаларға арналған орталықтың болмауы, балаларға арналған әлеуметтік қызмет инфрақұрылымының жеткілікті деңгейде дамымауы, мүмкіндігі шектеулі балаларды ата-аналарының арнайы мекемеге берудегі батылдық таныта алмауы, психолоиялық көмектің қажеттілігі және тағы басқалары. «Балам-ай» қоғамдық қоры 4 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Орталық қызметкерлері жеткілікті деңгейде көңіл бөлген жағдайда кімнің болса да қоғамдағы өз орнын таба алатындығына әбден көңілдері жеткен.

Индира Қауметова

Суретке түсірген Азамат Алиев

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды