- Басты
- Жаңалықтар
- АКТ-ға салынған инвестиция 2014 жылдың 5 айында 26,9 млрд теңге болды
АКТ-ға салынған инвестиция 2014 жылдың 5 айында 26,9 млрд теңге болды
Ақпараттық-коммункиациялық технологияларға (АКТ) салынған инвестициялар 2 жылда 25 млрд теңгеге төмендеді, делінген «Қазақстанның Даму банкі» АҚ-ның телекоммуникация саласына жасаған сараптамалық шолуында.
«Инвестициялар аздап қысқарды. Оның үстіне, кәсіпорындар мен экономиканың жалпы инновацияларды және технологияларды енгізу қабілеттілігінің төмен болуы, сонымен қатар, тартымды АКТ жобаларының жеткіліксіздігі, соның ішінде осы салада жоғары білікті мамандардың жетіспеушілігі сынды факторлар инвестициялардың артуын тежеп тұр», - дейді ҚДБ сарапшылары.
ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, 2011 жылы АКТ-ға 137 млрд теңге, 2012 жылы - 132,7 млрд теңге, 2013 жылы - 112,2 млрд теңге инвестиция салынған. Ал 2014 жылдың қаңтар-мамыр айларында 26,9 млрд теңгені құраған.
Мұнымен қоса, «АКТ дамыту қоры» жеке капиталының, сондай-ақ, халықаралық компаниялардың есебінен осы салаға 100 мыңнан - 3 млн долларға дейін инвестиция салуды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, АКТ саласын дамытуға коммерциялық банктер мен ҚДБ қаржылық қолдау көрсетуде. 2013 жылы екінші деңгейлі банктермен байланыс секторын несиелеу 2012 жылмен салыстырғанда 15,7% ұлғайды.
Өз кезегінде, Банк 3 ірі жобаны қаржыландырды: Астана-Алматы учаскесінде талшықты-оптикалық байланыс желілерін (ТОБЖ) салу, Шу-Қандыағаш, Астана-Павлодар-Семей-Ақтоғай, Көкшетау-Қостанай учаскелерінде магистральдық ТОБЖ салу, республикамыздың 8 өңірінде 5 мың абонентке арналған G-Net мәліметтер желісін құру.
Шолуға сәйкес, 2013 жылы телекоммуникация нарығындағы табыстың жиынтық көлемі 644 млрд теңгені құрады, оның басым бөлігін мобильдік байланыс құрайды - 42,44%. Одан кейін, Интернет арқылы байланыс қызметтері - 25,21%, жергілікті телефон байланысы – 7,85%, қалааралық, халықаралық телефон байланысы қызметтері – 5,79%. Бұл ретте Қазақстандағы көлеңкелі технологиялар нарығының көлемі АТ-қызметтердің жалпы көлемінің 2% құрайды деуге болады.
Бүгін отандық АКТ нарығында 11 оператор қалааралық және/немесе халықаралық байланыс қызметтерін, 4 оператор ұялы байланыс және 400 астам оператор жергілікті телефон байланысы мен Интернет желісіне кіру қызметтерін ұсынады.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері