- Басты
- Жаңалықтар
- Жыл соңында Рудный қаласында 500 мың тонналық цемент зауыты іске қосылады
Жыл соңында Рудный қаласында 500 мың тонналық цемент зауыты іске қосылады
Ірі зауыттың іске қосылуы Қостанай облысындағы цемент қажеттілігін қанағаттандырып, сонымен қатар оны барша Қазақстан өңірлеріне сатуға да мүмкіндік береді. Темір жол тораптарының салынуымен өнімді тарату оңайға түспек.
Қазіргі таңда цемент зауыты аумағында құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
ҚХР-дан келген шеф-монтаж инженерлерімен бірлесіп клинкер өндірісі жолының технологиялық құрылғысын монтаждау жұмыстары басталды. Жобаның жалпы құны 13 млрд теңге. Соның ішінде өзіндік қаражат пен қарыз ақша да бар.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан қаржылық қолдау көрсетілді. Қазіргі таңда 6,7 млрд теңге игерілді.
«Қазіргі таңда банктермен несие мәселесі қарастырылуда. Олар келесі аптада несиелік комитетке шығып, бізге несие жолын ашуы тиіс. Сол кезде біз үлгеретін боламыз. Кестеге сай, бір айда біз 460-670 млн теңге игруіміз тиіс. Несие бойынша, әрине, қиындықтар бар», - дейді ЖШС директоры Николай Ведерников.
Облыс әкімі Н.Садуақасов кәсіпкерлікті аралау барысында өндіріс 200-ден астам жаңа жұмыс орнын ашатынын айтты. «Қазіргі кезде тиісті мамандар алынып, оларды оқыту жұмыстары жүргізілуде», - дейді облыс әкімі.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі