• Басты
  • Жаңалықтар
  • Халықаралық скаут слеті әр елден келген 500-ге жуық қатысушының басын қосты

Халықаралық скаут слеті әр елден келген 500-ге жуық қатысушының басын қосты

21 Шілде, 2014 12:24
20 – 29 шілде аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жастар ісі комитетінің қолдауымен «Бурабай» мемлекеттік ұлттық саябағының көркем табиғаты аясындағы үлкен Шабақшы көлі жағасында Еуразия аймағының III Джамбориі - Скаут ұйымдарының халықаралық слетін өткізуде.

Облыс әкімдігінен хабарлағандай, Джамборийге таяу және алыс шетелден (ФРГ, Ұлыбритания, ҚХР жане басқа да мемлекеттерден) 12-18  жас аралығындағы 500-ден аса қатысушы келді.

Сонымен қатар, Джамборий жұмысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің,  Ақмола облысы мен «Бурабай» ұлттық саябағының басшылықтары, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, қоғам қайраткерлері, ҚР шетел елшілік өкілдері,  Скаут қозғалысы бүкіләлемдік ұйымының және  Еуразия аймағының Скаут бюро басшылығы қатысады.     

Джамбори бағдарламасы бойынша қатысушыларды ресми рәсімдер мен дәстүрлі скауттық салттар, бір-бірімен еш кедергісіз тіл табысу, қоғамның басты мәселелерін шешуге ат салысу, «Болашақ энергиясы» атты  халықаралық жастар конференциясы, қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрімен танысу сияқты түрлі-ісшаралар күтіп тұр.  

Барлық жаңалықтар