- Басты
- Жаңалықтар
- Бүгін Мемлекет басшысы алғашқы "Қазақ" елі сабағын өткізді
Бүгін Мемлекет басшысы алғашқы "Қазақ" елі сабағын өткізді
Кездесу барысында оқушылар Мемлекет басшысымен патриотизм туралы ойларымен бөлісіп, пікір алмасты. Ал Нұрсұлтан Әбішұлы өз кезегінде жаңа қазақстандық патриотизмнің қалыптасуы жайлы әңгіме қозғап, өзінің «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: жетілген мемлекеттің жаңа саяси бағыты» туралы Жолдауы мен осындай негізгі құндылықтардың бірлігі мен мәдени мұраны сақтаудағы маңыздылығын айтып берді.
- Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Біздің болашағымыз өз қолдарыңда екенін ескеріп, сендер білімді, жан-жақты қабілетті, талантты, дарынды болып өсіп-жетілулерің үшін барынша жағдай жасап жатырмыз. Бұл әке-шешелерің мен ата-әжелеріңнің ақ адал, маңдай терінің нәтижесі. Мемлекеттің үздіксіз қолдауының жемісі. Миллиондаған еңбеккерлер мен ел азаматтарының зор сенімінің үлгісі десек те болады. Мысал үшін айта кетейік, күні кеше ғана 1 200 орынға арналған №71 мектеп ашылды. Сондай-ақ, жыл соңына қарай 2 300 орынға арналған 2 мектептің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Бұдан басқа 6 000 орынға лайықталған 5 мектеп құрылысы салынуда. Бұл ғимараттар келер жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Жалпы, Астана қаласында білім беру жүйесінің бюджеті 2,8 есе – 7,2-ден 19,8 млрд теңгеге өскен. Осының негізінде мұнда білім беру нысандары жылдан жылға артып келеді. Саралай қарасақ, осындай жағдай жасаған кезең елімізде бұрын-соңды болмаған екен. Ендеше, мүмкіндікті қалт жібермей сәтті пайдаланбау сендерге үлкен сын болмақ, - деді Мемлекет басшысы шәкірттерге қарата.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар