- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында ауыл шаруашылық өнімін өндірушілердің мәселесіне арналған дөңгелек үстел өтті
Қызылорда облысында ауыл шаруашылық өнімін өндірушілердің мәселесіне арналған дөңгелек үстел өтті
Дөңгелек үстел отырысына оннан астам агроөнеркәсіптік кешен субъектілері жетекшілері, «ҚазАгроФинанс» АҚ бөлімшелерінің жетекшілері, «Қазагромаркетинг» АҚ, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы жетекшілері, сонымен қатар ҰКП президиумы Агроөнеркәсіптік кешен комитеті хатшылығының сарапшысы онлайн режимде қатысты.
Жиында несие алудағы процедураларды әкішіліктендіру, техника мен мал лизингі, қажетті құжаттар санын азайту, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ холдингінің қаржы институты қандай да бір қаржылық қызметін алу кезіндегі отандық ауыл шаруашылық өнімін өндірушілердің алдынаан жүйелі түрде шығатын кепілдік саясат пен өзге де күрделі мәселелер талқыланды.
«СырдарияАгроИнвест» ЖШС жетекшісі Нұрлыбай Ұлықбанов пен «Байсал» шаруа қожалығы жетекшісі Жамбыл Жанұзақов «ҚазАгроФинанс» АҚ көмегімен жұмыртқа шығаратын құс фабрикасы жобасын іске асыруды жоспарлап отыр. Алайда олардың айтуынша, талап бойынша инвестициялық жобадағы өзіндік меншік 15% құрауы қажет. Ал ірі инвестициялық жобалар үшін бұл анау-мынау кәсіпкердік күші жететін көрсеткіш емес.
Бірқатар шаруашылық жетекшілері несиелеу процесін қысқарту үшін мемлекеттік органдармен арада ақпарат алмасу мен жинау бойынша автоматтандырылған жүйені енгізу мен құжаттар тізімін қысқарту туралы ойларын ортаға салды.
Жоғарыда айтылған мәселелерді талқылау барысында лизинг бойынша Қызылорда облысының «ҚазАгроФинанс» АҚ тарапынан бөлінетін жыл сайынғы соманың статистикалық көрсеткіші келтіріліп, соңғы 4 жылда оның тұрақты түрде 1,5 млрд теңгені құрағаны белгілі болды.
«Қазіргі таңда РКП 2020 жылға дейінгі АӨК дамытудың картасы жобасын дайындады. Оның іске асырылуы жеке инвесторлардың да, мемлекеттік қаржы құралдарының да инвестициялық қызметін жандандыруы тиіс», - дейді РКП директорының орынбасары Руслан Досмаханов.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары