- Басты
- Жаңалықтар
- Канадалық делегация Қазақстандағы асыл тұқымды ірі қара малының аукционына қатысатын болды
Канадалық делегация Қазақстандағы асыл тұқымды ірі қара малының аукционына қатысатын болды
Шараны ұйымдастырушылар «Қазагромаркетинг» АҚ және «Қарасу» сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС.
Аукцион екінші рет өткізіледі, бұл Қазақстандағы асыл тұқымды малды сату бойынша ең табысты сауда алаңы болып табылады.
Бұл жолы сатылымға 50 бас асыл тұқымды бұқа шығарылады. Оның ішінде 34 басы қазақ ақбас тұқымы мен 16 бас бұқа әулиекөл тұқымына жатады.
Өткен жылы «Karasu Farm-2013» аукционының қорытындысы бойынша жалпы құны 30 млн. теңгеден асатын отандық ірі қара мал тұқымдарының 39 басы (21 бұқа мен 18 қашар) мен 27 бас қазақ құйрықты қылшық жүнді қойы сатылған болатын.
Канадалық делегация құрамында аукционға Альберт провинциясының Ауыл шаруашылығы және ауылдық аймақтарды дамыту министрлігінің маманы Ааридж Башир, Канаданың Өнеркәсіп пен ауылшаруашылық министрлігінің ТМД елдері бойынша кеңесшісі Дженнифер Феллоуз, Герефорд тұқымы бойынша канадалық қауымдастықтың президенті Стивен Скот, Ет бағытындағы мал бойынша Канада кеңесінің атқарушы директоры Майкл Латимер, «ITS Global» компаниясының халықаралық бизнесті дамыту мен сатылымдар директоры (ірі қара малды идентификациялауға арналған құрал-жабдықтарды сату) Ясни Кроузер және «Wellard Group» (Канада елінен ірі қара малды экспорттау) компаниясының директоры Борис Берисъявлавец, «Xports International» компаниясының даму бойынша директоры Стивен Бонк және басқалары.
Аукцион барысында «ITS Global», «Wellard Group» және «Xports International» компаниялары, Канада еліндегі ангус пен герефорд тұқымы қауымдастықтары өзіндік павильондарын ұйымдастыратын болады.
Сонымен бірге аукцион бағдарламасында ет бағыты саласындағы канадалық мамандардың - «ITS Global» компаниясының халықаралық бизнесті дамыту мен сатылымдар директоры Янси Кроузердің «Малды импорттау және электрондық жүйе арқылы қадағалау» атты және Ет бағытындағы мал бойынша Канада кеңесінің атқарушы директоры Майкл Латимердің «Асыл тұқымды ірі қара малды өсіру канадалық индустриясына шолу» атты баяндамалары жоспарланған.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы