- Басты
- Бурабайдағы «Болашақ энергиясын іздеу» квест-ойынына 500 скаут қатысады
Бурабайдағы «Болашақ энергиясын іздеу» квест-ойынына 500 скаут қатысады

Қатысушылар 12-18 жас аралығындағы Қазақстанның, Таяу және Қиыр шетелдердің (ТМД, Ұлыбритания, ФГР, Венгрия және басқалары) 500 скауты болады, деп ұлттық компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
«Болашақ энергиясын іздеу» квест-ойыны Қазақстандағы ең ірі скауттардың шатырлы слеті - Еуразия өңірінің III Джамбори шеңберінде өткізілуде. Ойын бағдарламасы шеңберінде қатысушылар командалары бір күн бойы альтернативті энергия тақырыбына бейнеролик түсіріп, альтернативті энергияны алу бойынша тапсырмаларды орындайды, фризлайт (жарықпен сурет салу) технологиясын қолданумен флешмоб ұйымдастырады, алдағы Астана ЭКСПО-2017 көрмесі туралы өзекті ақпарат алады.
Музыка ұжымдарының өнер көрсетуі, жалынды шоу, қолдан жасалған жел генераторларын іске қосу күннің шарықтау шегіне айналады.
Естеріңізге сала кетейік, «20-29 шілде аралығында Бурабайда Қазақстандағы ең ірі скаут слеті - «III Еуразиялық Джамбори» өтеді».
«Біз балаларға скаутинг мәнін түсінуге, шатырлы үйлерде тұрып көруге, отқа тамақ пісіруге мүмкіндік бергіміз келеді. Сонымен қатар біз «ЭКСПО-2017» - Болашақ энергиясы тақырыбында қозғадық. Арнайы «ЭКСПО күні» өтеді және 2017 жылы Астанада өтетін Халықаралық көрме тақырыбын талқылауға 500 бала қатысады», - деп Қазақстанның Скаут қозғалысы ұйымының атқарушы директоры Евгений Рыбалко атап өтті.
-
«Таза сайлау» ұйымы: Сайлауда Қазақстан бойынша 500 заңбұзушылық тіркелді
-
Қай пратиялар сайлауға қатысады, тіркеу қашан басталады
-
Шерзод Пулатов: Сайлауға Ассамблеяның қызметіне, еліміздің дамуына үлес қосқан азаматтар қатысады
-
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Парламент сайлауына қатысады
-
Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Мәжіліс сайлауына қатысады
-
Диляра Қайдарова: Онкологиямен ауырған 2500 науқас коронавирус жұқтырды
-
Праймериз: Іріктеуге кімдер қатысады, өту тәртібі қандай/Үміткерлерге қандай талаптар қойылады
-
2020 жылы «Болашақ» стипендиаты атанғысы келетін үміткерлер нені білуі тиіс
-
InfoKazakhstan е-платформасы қалай жұмыс істейді/ Бизнесіне тыйым салынған кәсіпкерлер үшін 42 500 төлене ме
-
2,3 млн-нан астам азамат табысын жоғалтқаны үшін біржолғы төлем алды
-
2 млн 250 мыңнан астам азамат карантин кезінде табысын жоғалтқаны үшін біржолғы төлем алды
-
2,1 млн қазақстандықтың шотына 42 500 теңге түсті
-
Карантин: Тамызда 42 500 теңге қалай беріледі
-
42500 тг: 1,6 млн-ға жуық қазақстандықтың шотына түсті
-
Қазақстандықтар 42500 теңге біржолғы төлемін ала бастады

