Атырауда Деректерді өңдеу орталығы ашылды

20 Шілде, 2014 12:06
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның Атырау облыстық Деректерді өңдеу орталығының (ДӨО) ашылуы өтті, деп облыс әкімдігінен хабарлады.

Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы байланыс және ақпарат ұлттық операторы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ біздің өңірімізде алғаш рет Деректерді өңдеу орталығын (ДӨО) пайдалануға енгізді

 

Дата-орталығы барлық халықаралық сапа нормаларына және мүмкін болатын 4 қауіпсіздік деңгейінің 2-не жауап береді, ол ДӨО жұмысын 24х7х365 режимінде, үздіксіз жұмысты және бағдарламалық-аппараттық кешендердің жұмыс істеуінің 99,749% деңгейде бас тартуға тұрақтылығын, жабдықтар мен деректерді рұқсатсыз кіруден және табиғи ақаулықтардан қорғауды қарастырады.

ДӨО қызметі мемлекеттік секторға басым бағытталған және мемлекеттік органдарға серверлік инфрақұрылымның құрылысына, оның жабдықтауына және сервистік сүйемелдеуіне арналған қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді. Жалпы алаңы 250 кв.м. асатын Деректерді өңдеу орталығы электрмен жабдықтау, ауа алмастыру, автоматты газды өрт сөндіру, күзет-өрт дабылы, бейне бақылау жүйесімен, сондай-ақ мониторинг және басқарудың кешенді жүйесімен жабдықталған.

Атыраудан басқа ДӨО Ақтау, Ақтөбе, Шымкент, Талдықорған,Өскемен және Көкшетауда жұмыс істейтін болады, кейін оны Алматы, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Орал, Петропавл және Таразда іске қосу жоспарланып отыр.

Барлық жаңалықтар