• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Азаматтық қорғау туралы» заңға мемлекеттік материалдық резерв мәселесі туралы өзгертулер енгізілді – ТЖМ

«Азаматтық қорғау туралы» заңға мемлекеттік материалдық резерв мәселесі туралы өзгертулер енгізілді – ТЖМ

20 Шілде, 2014 11:05
«Азаматтық қорғау туралы» жаңа заңға мемлекеттік материалдық резерв мәселесі туралы өзгертулер енгізілді, деп ҚР ТЖМ Владимир Божко nurotan.kz порталына берген сұхбатында ағынан жарылды.

 «Ең алдымен, аталмыш заң  Төтенше жағдай жариялау үшін жауапкершіліктің иерархиясын нақты белгілеп берді. Ол бұған дейін болған емес (Төтенше жағдайды кім және қалай жариялайтыны туралы нақты көрінісі болған жоқ).Қазір заңда айқын көрсетілген: егер табиғат апаты бір ауданды қамтыса – онда ТЖ енгізу туралы шешімді аудан әкімі; егер оның көлемі 2 ауданнан асса – онда бұл құзірет облыстық әкімдікке ауысады, егер бір немесе бірнеше облысты қамтитын болса – мұндай жағдайда министрлер кабинеті шешім қабылдайды», - деді сөз басында ведомство басшысы.

Сонымен қатар ол, мемлекеттік материалдық қордың жұмысына байланысты мәселелер бойынша да бірнеше өзгерістер енгізілгенін тілге тиек етті.

«Қазір нұсқаулық әзірленіп, ол бойынша министр министрлер кабинетінде ешқандай келісім жасамай-ақ бұйрық негізінде  ТЖ жою бойынша шараларға бірден 500 млн. теңгеге дейін қаражат бөле алатын құқыққа ие болмақ. Бұл апат аймағында қалған азаматтардың мәселелерін дереу түрде шешуге мүмкіндік береді», - деді В.Божко.

Айта кетерлік  жайт, қазіргі таңда бізде республикалық деңгейде хабарлау жүйесі жұмыс істеуде: әр облыста эфирге қосылу және дабыл белгісін жариялау үшін радио және телеарналардың сигналдарын ұстау аппараттары орнатылған.

«Еліміздің барлық ұялы байланыс операторларымен ТЖ бола қалғанда SMS-хабарландыру тарату туралы келісім бар. Мұнымен қоса, өзіміздің ақпараттық ресурстарымызды пайдаланамыз, атап айтқанда, министрліктің сайтында төтенше жағдайлар туралы нақты ақпарат, оның ішінде, жолдардың жекелеген аралықтарын жабу жайында да мәлімет жарияланатын бөлім қарастырылған», - деп В.Божко толықтырды. 

 

Барлық жаңалықтар