Қазақстанның негізгі капиталына 2013 жылы 6,07 тлрн теңге инвестицияланды

20 Шілде, 2014 10:06
2013 жылы негізгі капиталға инвестиция көлемі 6 072,7 млрд теңгеге жетті немесе 2012 жылғы деңгейден 6,9%-ға артты, деп ҚР Статистика агенттігінен хабарлады.

«Айта кетерлік жайт, инвестициялау саласында тау-кен өндіру және карьерларды барлау салаларына басымдылық берілген. Олардың инвестициядағы үлесі - 29,1%, көлік және қаттау - 23,9%, өңдеу өнеркісібі  - 11,4%», - делінген хабарламада.

«Жасыл» инвестициялар көлемі 2013 жылы 9,9 млрд теңгені құрады. Оның үстіне бұл саладағы инвестицияның басым бөлігі (90,9%) жаңартылған энергия көздеріне тиесілі.

Барлық жаңалықтар