• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекет ғылыми идеяларды іске асыруға барлық жағдайды жасады – БҚММУ проректоры

Мемлекет ғылыми идеяларды іске асыруға барлық жағдайды жасады – БҚММУ проректоры

19 Шілде, 2014 14:29
Мемлекет ғылыми идеялар мен жобаларды іске асыруға барлық жағдайды жасады, дейді М.Оспанов атындағы Батыс Қазақст ан мемлекеттік медицина университетінің ғылыми-клиникалық жұмыстар бойынша проректоры Тимур Жәркенов.

«Қазақстан-2050» Стратегиясында «Дамыған және бәсекеге қабілетті мемлекет болу үшін біз жоғары білімді ұлт болуымыз керек» делінген. Өздеріңізге де белгілі, тек жоғары білімді ұлт қана заманауи қатерлерге төтеп беріп, инновациялық зияткерлік әлеуетін арттыра алады. Сол себепті білім беру жүйесінің тұрақты жетілдірілуі керек. Осы орайда М.Оспанов атындағғы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті шет елдік үздік тәжірибені игерет отырып әлемдік оқыту жүйесіне белсенді кірігуде», - дейді проректор.

«Бүгінде мемлекет ғылыми идеялар мен жобаларды іске асыруға барлық жағдайды жасады. Оған енді қажетті деңгейде қаржыланлыру да қарастырылған. Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыруы аясында «Ерте жастағы балалар мен сәбилердегі гепатит вирустық инфекциясына диагноз қою мен емдеу бойынша ғылыми жұмыс» және «Қазақстанның батыс өңіріндегі эндимикалық зоб эпидемиологиясы және цододефицитті жағдайдың алдын алу бойынша ұсыныстар дайындау» тақырыптарына байқау жарияланған», - дейді.

Оның айтуынша, ғалымдардың ғылыми жұмыстарын коммерциялау үшін университет бірнеше жобаларды дайындады. Ондай жағдайда оқу орны басшылығы өз қаражаты есебінен студенттердің де ғылыми-техникалық жобаларын қаржыландырады.

«Президенттің Жолдауында отандық білім беру жүйесін әлемдегі озық мемлекеттер қатарына жетуге жетелейтін жаһандық мақсаттарды қойып отыр. Біз, оқымыстылар, ұрпақтардың өзгеруін, заман ағысын есекере отырып елдің дамуына жағдай жасауымыз керек», - дейді. 

Барлық жаңалықтар