- Басты
- Жаңалықтар
- Апатқа ұшыраған «Боинг 777» ұшағында қазақстандықтар болмаған – ҚР СІМ
Апатқа ұшыраған «Боинг 777» ұшағында қазақстандықтар болмаған – ҚР СІМ
«Малайзия әуежолдары ұшағының Украинаның шығысында апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқандардың туысқандары мен жақындарына азалы көңіл айтамыз», - деді сөз басында Н.Айтмаханов.
Ведомсвтоның мәліметі бойынша, ұшақ бортында Қазақстан азаматтары болмаған. Бұл алдын-ала мәлімет, егер қосымша ақпарат болса қосымша хабарланатын болады.
Естеріңізге сала кетейік, шілденің 17 күні Украинаның Донецк облысында Амстердамнан Куала-Лумпурға бағыт алған малайзиялық «Boeing-777» жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақтың бортында болған 283 жолаушы мен 15 экипаж мүшесі қаза тапты.
Айта кетерлік жайт, бүгін Мемлекет басшысы Елбасы Malaysia Airlines авиакомпаниясы MH17 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты Малайзия Премьер-Министрі Наджиб Тун Разакқа көңіл айту жеделхатын жолдады.
«Жеделхатта Malaysia Airlines компаниясының «Амстердам – Куала-Лумпур» бағыты бойынша ұшқан ұшағының Украина аумағында апатқа ұшырауы салдарынан көп адамның қаза болғаны туралы қайғылы хабарды Мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген», - делінген Ақорданың бапасөз хабарламасында.
Сонымен қатар, ҚР Көлік және коммуникация министрлігі апаттың себептерi анықталмайынша, қазақстандық әуе компанияларынан Украинаның әуе кеңiстiгiн пайдаланбауды сұрады.
«Эйр Астана» әуе компаниясы Астана – Киев рейсін белгісіз уақытқа дейін тоқтатып отыр. Ал Алматы – Киев бағыты Ресей билігі солтүстік жолмен ұшуға рұқсат бергеннен кейін қайта іске қосылды.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады