- Басты
- Жаңалықтар
- Инновациялық бизнес жоспар байқауына қатысуға 250-ден астам өтініш түсті
Инновациялық бизнес жоспар байқауына қатысуға 250-ден астам өтініш түсті
«Байқау басынан бері біз 270 өтініш жинадық. Жоспар бойынша ай соңына дейін тағы 400 өтініш қабылданады. Өткен жылмен салыстырғанда өңірде инновациялық белсенділік байқалады. Инноваторлар, кәсіпкерлер саны да артып келеді. Нақты сұрақтар қойып, үлкен қызығушылыққа ие», - дейді «ҰТРА» АҚ инновациялық белсенділікті ынталандыру орталығы директоры Бауыржан Айтілеу.
Өңірлердегі бастауыш кәсіпкерлер, бизнес тренерлері кәсіпкерлік негіздерін игеріп, бизнес жұымстарды коммерциялау әдістерін үйренді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, инноваторлармен кездесу деңгейі өткен уақыттармен салыстырғанда айтарлықтай даму үстінде. Әсіресе Атырау, Орал, Талдықорған, Ақтөбе, Павлодар қаласы өнертапқыштары үлкен белсенділікке ие.
Байқау шарты бойынша өтініш биылғы жылдың 1 тамызына дейін қабылданады. Байқау қорытындысы қыркүйекте өткізілмек.
Арнайы құрылған өңірлік сарапшылар комиссиясы 15 үздік жобаны іріктеп алып, олардың авторларына республикалық байқаудың ақырғы турына шақырту береді.
Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 23 маусымында «Инновациялық автобус» Астанадан Қазақстанның әр өңіріне сапарға аттанды. Ондағы мақсат инновациялық жобаларды іздеу. Автобус Петропавл, Көкшетау, Қарағанды, Павлодар, Өскемен, Талдықорған, Алматы, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Орал қалаларында болды.
Автобустың мақсаты – халыққа өткізіліп отырған байқау туралы ақпарат беру, оған қатысуға ниетті жандарды тарту.
Камила Амирова
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті