- Басты
- Жаңалықтар
- Бөгеттің арқасында Талғар өзенінің сағасынан төмен орналасқан ауылдар зардап шекпеді – ТЖМ
Бөгеттің арқасында Талғар өзенінің сағасынан төмен орналасқан ауылдар зардап шекпеді – ТЖМ
Орман шаруашылығындағы 3 үй, «Спутник» лагеріне апаратын автожолдар учаскелері, өзен арнасына жақын орналасқан дәмхананың 2 жазғы терассасы, жұмыс істемейтін лагерьдің жеке құрылысы су астында қалғаны, сондай-ақ «Алматы-Қорғас» жолындағы автомобиль көпірін сел шайып жатқаны анықталды.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі уақытта ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ-ның 6 техникасы автожолдарды тазалау бойынша жұмыс жүргізуде. Өтімділігі жоғары 4 автомашинамен патрульдеу жұмысы жүргізілуде. «Талғар» диспетчерлік пунктінде инженерлік-техникалық қызметкерлер кезекшілік ұйымдастырды. «Қазселденқорғау» Алматы бөлімшелерінің барлық бекеттері кезекшіліктің күшейтілген режиміне көшірілді.
Талғар өзенінде шайылған уақытша бөгетті қалпына келтіру және Қапшағай су қоймасында Қашқан-Талғар өзені бойындағы су ағынын бұру жұмысы басталды. 3 экскаватор, 5 самосвал, 1 бульдозер, 1 фронтальды жүктиегіш жұмылдырылды.
Арнайы техниканың кезекшілігі орнатылды. Талғар өзенінің арнасын бойлай патрульдеу жұмысы ұйымдастырылды, көпірлерді кесіп өтетін жерлерде бекеттер қойылды.
ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ-нің 15 арнайы техникасы және 40 адамнан тұратын авариялық бригадасы жұмылдырылды.
№150 мұздағының астындағы мұздық көлдерінің ахуалын бақылау үшін «Қазселденқорғау» ММ барлаушы тобы су ағызу жұмысын жүргізді.
«Қазіргі сәтте Талғар бөгенінің су құйылатын бөлігіне транзитпен келіп түскен судың шығысы секундына 20,6 текше метрді құрады. Барлық 300 мың текше метр сел аталмыш гидротехникалық құрылыстың сел қоймасына тоғытылды, ол 8 млн. текше метрге дейін сел ағынын бұғаттауға мүмкіндік береді. Аталмыш бөгеннің арқасында сел Талғар өзенінің арнасынан төмен орналасқан елді мекендерге залалын келтірген жоқ», - делінген хабарламада.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы