• Басты
  • Жаңалықтар
  • Аса ауыр және ауыр қылмыстар саны шамамен төрттен бірге азайды – Бас прокуратура

Аса ауыр және ауыр қылмыстар саны шамамен төрттен бірге азайды – Бас прокуратура

18 Шілде, 2014 12:05
Аса ауыр және ауыр қылмыстар саны шамамен төрттен бірге азайды, деп мәлімдеді бүгін ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев I жартыжылдығы қызметінің қорытындысы бойынша ҚР Бас прокуротурасының кеңейтілген алқа отырысында.

«2014 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша қылмыс деңгейі 5,5%-ға азайды. Аса ауыр және ауыр қылмыстар саны уақыт өткен сайын азаюда ( тиісінше 24,3% және 25,7%). Атап айтар болсақ кісі өлтіру 22,6%, тонау 27,9%, қарақшылық 49%,  бопсалау 22,7% және бұзақылық 16,3% азайды», - дейді А.Дауылбаев.

Осы орайда ауыр жән аса ауыр қылмысты ашу деңгейі 11% және 4% ұлғайған.

Сонымен қатар қылмыстық істердің сотқа дейінгі кезеңінде прокурорлар тарапынан заңсыз ұсталған 954 тұлға босатылып, 586 адамға қатысты жедел-іздестіру шаралары тоқтатылды.

Арнайы прокурорлар тарапынан 292 күрделі және зекті қылмыстық істер қаралып, соның 82-сі сотқа жөнелтілді. 

Барлық жаңалықтар