- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның Ұлттық музейі - өткеннің, бүгінгі мен болашақтың бейнесі (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Қазақстанның Ұлттық музейі - өткеннің, бүгінгі мен болашақтың бейнесі (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Биылғы жылдың 2 шілдесінде Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің салтанатты ашылуы өтті. Шара арнайы Елорда күні қарсаңына орайластырылды.
«Қазақстанның Ұлттық музейі ғылыми рухани орталыққа айналып, қазақстандық жодың бүгінге дейінгі барлық өмірінен хабар бермек», - дейді ҚР Президенті.

2-8 қабаттардан, 7 блоктан тұратын музейдің жалпы ауданы 74 мың шаршы метр. Музей ғимаратында Ежелгі және Орта ғасыр залы, тарих залы, Алтын залы, этнография залы, Тәуелсіз Қазақстан залы, Астана залы мен Заманауи өнер залы бар.
Бұл музейге әлі бармаған немесе жақын арада баруды жоспарлап отырмағандарға Strategy2050.kz агенттігі тілшілері елорданың осынау мәдени орталығынан фоторепортаж жасады.

Ұлттық музей атриумында қазақстандық суретші Ерболат Төлепбергеновтың монументалды еңбектері мен 12 бөлімнен тұратын «Мәңгілік Ел» эпикалық панно сериясы орнатылған. Олар «Жаңарған дала», «Аңырақай», «Тағдыр» триптихтерінен көрініс тапқан.

Музейдің басты атриумы ретінде еркіндік пен шығармашылық өрлеуге талпынған алтын түсті құсты айта аламыз.

Облыстар мен қалаларды анық көрсететін Қазақстанның ең үлкен картасы.

Тәуелсіз Қазақстан залында авторлар 1991 жылы алғаш тәуелсіз ел ретінде мойындалған күннен бастап қазіргі күнге дейінгі мемлекетіміздің тарихының әрбір кезеңін қамтуға тырысты.

Залда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың еңбектерін, кітаптары мен ол кісі туралы жазылған дүниелерден тұратын электронды кітапхана бар.

Сонымен қатар экспозицияда Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері, Президент Штандарты, 1995 жылы қабылданған ҚР Конституциясы бар.

Қазақстанның мемлекеттік рәміздері - «Халық қаһарманы», «Парасат», «Алтын Қыран», «Отан», «Даңқ» және өзге де ордендерге арналған бөлім. Сонымен қатар мұнда Қазақстанда шығарылған ақша белгілері, паспорт түрлері, маркалар бар.

Үлкен LED-экрандар мен сенсорлы дүңгіршектерде Тәуелсіздік жылдарындағы ішкі және сыртқы саясаттағы Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауларының орындалуынан хабар беретін инфографика мен тарихи фотоқұжаттар көрсетілген.

Қола мен алюминийден жасалып, «Отан-ана», «Қазақстан халқы Ассамблеясы», «Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі», «Бәсекеге қабілетті жастар» атты 4 тақырыптан М.Баймұханов, Б.Құлжабаева, А.Чернигинаның «Қазақстанның жаңа дәуірі» скульпторлық композициясы Қазақстаның жаңа тарихына байланысты экспозицияның бір бөлігі.


Заманауи өнер залында Қазақстанның осы уақыт аралығындағы шығармашылық өнердің өзекті бағыттарына жататын әрбір кезеңнің өнерпаздарының шығармалары қойылған.

Залда қазақстандық бейнелеп өнер шебері Еркін Мергеновтың бірқатар еңбектері қойылған. Мына инсталляция «Құбыжық» аталады.

Еркін Мергеновтың тағы бір жұмысы. Музей қызметкерлерінің айтуынша, бұл өз кезінде үлкен дауға ұшыраған шығарма.

Мына туынды тоықтай шегеден жасалған. Автор Астананың күндізгі және түнгі бейнесін осылайша бейнелейді.




Үшінші қабатта этнография залы. Ол қазақтың дәстүрлі мәдениетіне арналған.

Зал ортасындағы киіз үйдің үстінде дөңгелек экран (Circle Vision) арқылы аспан бейнесі бейнеленген. Онда дәстүрлі ауыл туралы бейне фильм көрсетіледі.

Сонымен қатар музейде «Орыс сурет өнерінің төрт ғасыры» уақытша көрмесі де ұйымдастырылуда.

Экспозиция XVIII-XXI ғасырлар аралығындағы орыс сурет өнерінің туындыларынан тұрады. Оның авторлары И. Репина, В. Верещагина, И. Айвазовского, Ю. Анненкова, О. Розанова, т.б.

Ресей этнография музейінің «Орта Азия мен Кавказдың дәстүрлі тоқыма өнері - Ұлы Жібек жолы мұрасы» атты тақырыптық көрмесі де музейдің ірі жобаларының бірі.

Өкінішке орай, біз мына залдарға кіре алмадық. Олар уақытша жабық.

Музей жаңа ашылып жатқандықтан онда жұмысшылар бригадасын да кездестіруге болады.

Музейді аралап біткеннен кейін дәстүр бойынша қалаған кісі өзінің әсері мен ұсыныс-тілектерін қалдыра алады.
Ұлттық музей күн сайын жұмыс істейді. Дүйсенбі демалыс күні. Кіру бағасы тегін.
Камила Амирова
Суретке түсірген Азамат Алиев
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді