- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасына қатысуға 5076 жас отбасы жіберілді
Астанада «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасына қатысуға 5076 жас отбасы жіберілді
Жалға берілетін тұрғын үйді бөлу үшін төлем қабілетін растаған өтініш берушілерді іріктеуді ЖАО мынадай балдық жүйе бойынша (балдың ең көп саны бойынша) жүргізді. Тұңғыш бала үшін – 20 балл, келесі екінші және кейінгі балалар үшін 30 балл, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2011 жылғы 8 қарашадағы № 1309 Қаулысымен бекітілген тізімге сәйкес созылмалы аурулардың кейбір ауыр түрлерімен ауыратын немесе мүгедек болып табылатын отбасының әрбір мүшесі үшін – 10 балл, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде алдағы іріктеу кезінде салынған тұрғын үйдің тізіміне қосылмаған үміткерлер үшін – қосымша 5 балл, кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатына жататын ерлі-зайыптылардың әрбіреуі үшін – 10 балл.
Сонымен қатар, 343 отбасы талаптарға сай келмеуіне байланысты тізімге алынбады, делінген хабарламады.
Жалпы, комиссия шешімімен келіспейтін жас отбасылар Астана қаласының Тұрғын үй басқармасына арыздана алады.
Тұрғын үй коммисиясы бекіткен барлық қатысушылар тізімі Астана қаласы әкімдігінің astana.kz ресми сайтында және Астана қаласы Тұрғын үй басқармасының uzh.astana.kz сайтында, кейін БАҚ-да тұрғын үй комиссиясының оң қорытындысын алған азаматтар тізімі жарияланатын болады.
Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 2-14 маусым аралығында барлығы 5 439 отбасынан үйге өтініші қабылданды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Ж.Бекшин: Коронавирус жұқтырғандар арасында жастар көп -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады