• Басты
  • Жаңалықтар
  • ТЖМ Қарағанды облысындағы жер сілкінісінен кейін өңір геологиясын зерттеуде

ТЖМ Қарағанды облысындағы жер сілкінісінен кейін өңір геологиясын зерттеуде

17 Шілде, 2014 17:20
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысында болған жер сілкінісінен кейін өңірдің геологияолық мәліметтерін бағалау мен зерттеу жұмыстарына кірісті.

«Қарағанды облысындағы бұл жер сілкінісі бұрын соңды болмаған жағдай. Мен өңірде зілзаоа болғанын хабарлағанда мен барлық өндірістік қауіпсіздік пен барлық ТМ департаментін тік тұрғызып, шахталарды араладым. Өйткені мен ол кезде қандай да бір газ жарылды немесе тау соққысы орын алды деп ойлаған едім. Алайда ешқандай да шахта апатының болмағанын айтқанда таң қалғаным жасырын емес. Бұл табиғи құбылыс еді», - дейді Владимир Божко.

Министрдің айтуынша, жер сілкінісіне қатысты әзірге ешқандай да ресми мәлімет жоқ. «Зілзаланың болу себебіне қатысты ештеңе де айта алмаймын. Мүмкін жер плиталары қозғалған шығар. Бізде институттың ресми мәліметі әлі жоқ», - дейді министр.

«Қарағанды облысында болған жер сілкінісі тектоникалық сипатқа ие. О жердің 10 км тереңдігінде болды. Қазір ТЖ бағалау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар өңірдің геологиясы зерттелуде», - дейді.

Естеріңізге сала кетейік, 21 маусым күні Астана уақытымен сағат 12.30-де Қарағандыдан 206 шақырым қашықтықтағы Абай қаласында 4,8 баллдық жер сілкінісі болған еді.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар