• Басты
  • Жаңалықтар
  • Тамыз айында Астанада стандарттау мәселесі бойынша 19 елдің қатысуымен форум өтеді

Тамыз айында Астанада стандарттау мәселесі бойынша 19 елдің қатысуымен форум өтеді

17 Шілде, 2014 19:06
Тамыз айы басында Астанада стандарттау бойынша ұлттық органдардың жоғарғы лауазымды тұлғаларының форумы өтеді, деп хабарлайды ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті.

«Қазақстан Республикасында Орта Азия, Шығыс және Оратылық Еуропаның 19 елінің стандарттау бойынша ұлттық органдардың жоғарғы лауазымды тұлғаларының қатысуымен өтетін шара алғаш рет қолға алынуда және халықаралық стандарттау саласындағы әлемдік деңгейдегі бізді еліміздің жетістікке жеткеніне дәлел болады», - делінген хабарламада.

Форумның басты мақсаты 2016-2020 жылдарға арналған ИСО Стратегиясы бойынша ұсыныстар құру, зияткерлік меншікті қорғау мәселесін қарау, тұтынушылар сұранысын қанағаттандыру және ИСО қатысушы мемлекеттерінің ұлттық нарықтық стратегиясын дамытудағы өзекті мәселелер болып табылады.

Шара аясындаЭКСПО-2017 көрмесі мен Индустрияландыру картасы аясындағы жобаларды іске асыруға мүмкіндік беретін Қазақстанның экономика салаларында жаңа технология мен халықаралық техникалық нормалар қабылдау мен енгізу бойынша стандарттау талаптарын талқылау жоспарлануда. 

Барлық жаңалықтар