- Басты
- Жаңалықтар
- «Жасыл дәліз» ашылған сәттен бастап Қазақстанға 30,3 млн долларға көкөніс және жеміс-жидек әкелінді
«Жасыл дәліз» ашылған сәттен бастап Қазақстанға 30,3 млн долларға көкөніс және жеміс-жидек әкелінді
Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың 23 желтоқсанында қазақстан-қытай шекарасындағы «Бақты» (Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы) және «Покиту» (Қытай Халық Республикасы СҰАА) өткізу пункттерінде «Жасыл дәліз» жобасы іске қосылды.
Жобаның мақсаты - Қытай Халық Республикасынан Қазақстанға келетін жеміс-жидек өнімдерінің тез өтуін және кедендік ресімделуін қамтамасыз ету.
Сонымен, ҚХР-дан «Бақты» өткізу пункті арқылы өткізілетін өнімдердің негізгі көлемін 49,4 % қызанақ, 22,5% картоп, 1,1% алма, 7,5% бұрыш, 5,1%, баклажан, 1,1% жуа және 12,2 % шәрбат құрады.
Кеден органдары өткізу пункттерінде кедендік ресімдеу уақытын қысқарту бойынша барлық қажетті шаралар қабылдауда. «Бақты» кеден бекетінде жағдай жасау үшін қайта құру жүргізіліп, өнімді өткізу үшін кедендік бақылаудың автоматтандырылған жаңа жүйелерімен (ТЖБАЖ, ИТҚ) жабдықталып, бұдан басқа бөлек жолақ бөлінді, ауыл шаруашылық өнімінің тоқтаусыз өтуін қамтамасыз етуіне жауапты, құзыретті ведомстволардың қызметкерлері анықталды, бұл шекарада кезекті болдырмауға және сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді.
Сондай-ақ өткізу пунктінде кедендік жүргізілетін тексеру саны «Жасыл дәліз» жобасына дейін 778 және жүзеге асырылғаннан кейін 29 тексеріп қарауға қысқарған.
«Бақты» өткізу пунктінде «Жасыл дәліз» жобасын енгізгенге дейін көлік құралдары өткізу пунктін орта есеппен 240 минутта өтетін. Қазіргі уақытта «Бақты» өткізу пунктінде кедендік тазартудың және көлік құралдарын өткізудің орташа уақыты 69 минутты құрайды.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Кеден органы жеміс-жидек өнімдерінің бақылаусыз өткізу ниеті жоқ. Бұған заңнамада қарастырылған кедендік ресімдеу және бақылау рәсімдері қолданылады.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар