- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда жас футболшылар саны 40%-ға артты
Қазақстанда жас футболшылар саны 40%-ға артты
Оның айтуынша, Қазақстан футбол федерациясы «2012-2020 жылдарға арналған ҚР-да балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту тұжырымдамасын» сәтті іске асыруда. Бұл инновациялық жоба жас футболшыларды дайындау мәселесін шешпек.
«Екі жыл бұрын біз балалар мен жасөспірімдер футболын дамытудың тұжырымдамасын іске асыруды қолға алған уақытта Астана, Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар, Тараз бен Талдықорғанда футбол орталықтары ашылды. Әрине, бастапқыда қиын болғаны рас. Біз қажетті бапкерлерді жасақтап, шәкірттерді қабылдай бастадық. Бір ерекшілігі, әр бапкер белгілі бір жасқа ғана маманданған. Бір жылдан кейін бапкер шәкірттерін екінші бір бапкерге тапсырады. Бұл жүйе бізге Еуропадан келді», - дейді.
Футбол орталықтары облыс орталықтарының барлығында дерлік жұмыс істейді. Қ.Мұсатаевтың айтуынша, ҚФФ жоспарларында 2015 жылға дейін Петропавл, Көкшетау мен Ақтауда аталмыш орталықтарды ашу қарастырылған. Қазақстанның футбол федерациясы бұл өңірдің балаларын да назардан тыс қалдырмақ емес.
«Жыл сайын футбол орталықтарын қамтамасыз етуге шамамен 90 млн теңге кетеді. Соның ішіне экипировка мен инвентарь, барлық бапкерлердің жалақысы, жарыстарға қатысу шығындары енеді. Мен клуб жетекшілерін жақсы түсінемін. Барлыы да нәтиженің тез болғанын қалайды. Біз футбол орталықтарының шәкірттерінің әзірге команданың іргетасы екенін түсінуіміз керек. Олар есейіп құрамаға алынған кехзде ғана еңбегіміздің жемісі көрінеді», - дейді.
Естеріңізге сала кетейік, 2012-2020 жылдарға арналған ҚР-да балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту тұжырымдамасы» Неміс футбол одағымен бірлесе дайындалған. Бағдарламада футбол орталықтарына басымдылық беріледі.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады