- Басты
- Жаңалықтар
- Шет елдік делегаттар Семейдің онкологиялық орталығында болды
Шет елдік делегаттар Семейдің онкологиялық орталығында болды
МАГАТЭ Семейдің онкологиялық диспансерінің заманауи сәулелі аппараттармен қамтамасыз етіуіне ат салысты. 14-18 шілде аралығында Семейде БИОНТ (Братислава, Словакия) компаниясының МАГАТЭ сарапшылары Ядролық медицина орталығын пайдалануға беру мәселесі бойынша жергілікті мамандарға кеңес береді.
«ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы аясында 2012-2016 жылдарға арналған онкологиялық бағдарлама дайындалды. Бағдарламаны іске асыру мақсатында жоғарымаманданған бес орталықтың бірі радиациялық онкологияның онкологиялық орталық құрылысы жүргізілуде. Бізге МАГАТЭ сарапшылары келіп биыл іске қосылатын орталықты жұмыс істету бойынша түрлі кеңестер беруде. Сарапшылар ядролық медицина орталығының ашылуында көмек береді», - дейді Шығыс Қазақстан РОД директоры Марат Сандыбаев.
Семейдегі ядролық медицина орталығының ашылуы 2014 жылдың күзіне жоспарланып отыр. Мекеме диагностика мен науқастарды емдеуге арналған заманауи қондырғылармен жарақтандырылған.
«Біз МАГАТЭ-мен арадағы әріптестікті Қазақстанның бірнеше ұйымдары бойынша жалғастыра бермекпіз. Атап айтар болсақ олар Ядролық физика институты. Ол науқастарды емдеуге радиофрмпрепараттарды алып келмек. Орталық барлық Қазақстан науқастарына қызмет көрсетіп, көршілес Ресейдің де өтініштерін қабылдамақ. Мамандар сақадай сай дайын. МАГАТЭ жобасы аясында 30 адам дайындалды. Орталықты ашуға дайын отырмыз», - дейді М. Сандыбаев.
Хабарламада айтылғандай, осы күндері Шығыс Қазақстан облысында Каннам Северанс (Оңтүстік Корея) клиникасында профессор Чанг Ханг Сок пациенттерге кеңес беріп, Семейдің РОД хирургтарымен бірлесіп, операциялар жасады.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
15,7 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр -
Шетелдегі қандастармен мәдени-гуманитарлық байланыс, білім гранттары және қазақ жастарының клубы -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Тарихи роман - жастарды елдік рухта тәрбиелеу құралы -
Шетелден инвестиция тарту: 2020 жылғы жобалар, жаңа алгоритм және проблемалары